«Әр қиындықтың артында мүмкіндік тұрады» деген ескірмейтін нақыл бар. Қазақстан жағдайында дәл осылай болып шықты. Бүгінге дейін еліміз, кешегі қаңтар оқиғасының өзінен бастаған күннің өзінде сан қырлы дағдарысты бастан кешті. Бірақ бұл қиындықтар оның лигитимдігін, қазақстандық қоғамның орнықтылығын және қазақстандық экономиканың көрсеткіштерін бірқатар жоғары көтеріп берген ауқымды реформаға жол ашты.
Әрине, тәуелсіз мемлекет ретінде жүріп өткен жолының отыз жылы ішінде тұрақтылықтың шамшырағындай бола алған Қазақстан қаңтардағы қатаң қарсылықтан қатты күйзелді. Қарсылық көрсету барысында 200-ден астам адам қаза тапты. Мыңдаған адам жарақат алды. Мемлекеттік меншікке, әсіресе Алматы бизнесіне елеулі зақым келді. Қазақстанның батыс бетінде жұртшылықтың мұнай бағамының көтерілуіне байланысты заңды әлеуметтік экономикалық көңіл толмаушылығынан басталған бейбіт наразылық басқа да қалаларға таралды. Сөйтіп, мұны теріс пыйғылдылар билікті күшпен басып алу және қазақстандық конституциялық құрылысты қирату мақсатында пайдаланды.
Қазақстан билігі жедел түрде құқық тәртібін қалпына келтірумен шектеліп қана қалған жоқ, дағдарыстың ұзаққа созылып кетуі тәуекелімен бетпе-бет келген қарсылықтарға қозғау салған және елдің үлкен әлеуетін тежеп тұрған наразылыққа елдің аса үлкен байлығына қарамастан сақталып отырған теңсіздікке қарсы белсене қатысу талабына тиісінше үн қатты. Соның нәтижесінде ұзақ мерзімді экономикалық және саяси реформаларды қалыптастыруға қол жетті.
Түпкілікті себептерді жойып және анағұрлым инклюзивті экономика мен саяси жүйе құрып, Қазақстан екінші жолды таңдады. Осы арқылы жаңа Қазақстанды құруға тың арна ашты.
Соңғы онжылдықтар ішінде Қазақстан мұнай қорының көлемі бойынша әлемдегі он екінші орын алатын ел ғана емес, сонымен бірге уранның аса ірі өндірушісі де. Француз лидері Эммануэль Макронның айтуына қарағанда мұның шешуші мәні бар, атом саласы өзінше бір дәуірлеуді бастан кешіп жатыр.
2030 жылға қарай Қазақстан қалпына келетін қуат көздерінің үлесін 24 пайызға дейін көбейтеді. Сол жылға қарай көміртек генерациясының үлесін қазіргі 69 пайыздың орнына 40 пайызға дейін төмендетеді. Мұның өзі ұзақ уақыт шикізатқа қарап келген экономика үшін өте өршіл жоба.
Белгілі бір мемлекеттің қуатты болуы тек оның экономикасына ғана байланысты емес. Сол сияқты жаңа Қазақстанды орнату бөтен жақтан жаңа халықты әкеп, жаңа тұрмыс бастау дегенді білдірмейді. Қоғамның басты тетігі – адам Адам санасы түбегейлі жаңарғанда мемлекет те жаңаша бағытта дамып, өркениетке қол жеткізе аламыз. Жерінің асты мен үсті байлықтан кенде емес қасиетті жерімізде орнаған қауқарлы мемлекетіміздің келешегіне әрбіріміз жауапты екенімізді ұмытпайық.
Жасұлан Сейдеметов