№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кемеңгер көшбасшы

Кемеңгер көшбасшы

    Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» басылымында жарық көрген «Тарихи тұлға тағылымы» атты мақаласында Елбасы жайында: «Бұл үлкен жүректі адам менің қабілетіме сенді, сенді де оны өзім туып-өскен Қазақстан игілігі үшін аямай жұмсауыма жол ашты» деп жазды.

Расында Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясаты, кемеңгер көшбасшылығы, пайымды парасаттылығының арқасында әрбір қазақстандық ткіндік қаны тамған киелі мекеніне қызмет етуіне мол мүмкіндік алды. Осы көшпен ілесіп жүріп, мен де Жаңақорған ауданының өсіп-өркендеуі жолында күш-жігерімді әлі де жұмсап келемін. Ұлтқа қызмет ету деген осы емес пе?!
Елбасының ел мүддесі үшін атқарған табанды қызметіне ширек ғасырдан асты. Бұл жай ғана мерейтойлық дата емес, Қазақстанның даму жолын анықтаған ел тарихындағы аса маңызды кезең болды. Президенттің «Ел бастаған нағыз ерлер тарих сахнасына сын сағаттарда шығып, халқының тағдыры үшін мемлекет тізгінін қолына алады. Бұлар тарих перзенттері әрі сол тарихты жазатын ұлы тұлғалар» деп Елбасыға берген шынайы бағасын ел көңілінен шықты. Шыны керек, кешегі тоқсаныншы жылдағы тоқырауда Қазақстанның жарқын келешегіне күмәнмен қарағандар көп болды. Дегенмен, Тұңғыш Президенттің теңдессіз еңбегінің арқасында мұндай теріс болжамдар орындалған жоқ. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең жоғарғы әлеуметтік көрсеткіштермен алға шықты. Міне, кемеңгерлік жолдың айқын бағдары осы.

Зағипа АБЖАЛЕЛОВА,
аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық мұрағат басшысы
07 шілде 2020 ж. 669 0