Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 47

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандар сайысқа түсті

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандар сайысқа түсті


Қызылорда облысында «Арбамен марафон» атты облыстық спорт жарысы ұйымдастырылды. Сайыс №2 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінде өтті.


Шараның мақсаты - мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуден бөлек оларды түрлі шараларға қатыстырып, қоғамдық ортаға бейімдеу, белсенділіктерін арттыру, психологиялық тренингтер өткізу арқылы позитивті ойлау дағдыларын дамыту, спорттық, мәдени, қоғамдық іс-шараларға қатыстыру.

Марафон - бұл ең ауыр спорт түрі, тіпті дені сау адамдар да марафон қашықтығына төтеп бере бермейді. Ал, дөңгелектерді қолдарымен айналдыра алатын тек мықтылар ғана. Ең бастысы-өзінді жеңу арқылы ғана мүгедектіктің жоқ екенің дәлелдеу.

Бүгінгі марафон Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ ұйымдастырумен өтті.  

Шараға облыс бойынша  30-дан аса адам қатысты. Марафон қашықтығы 100 метр. Марафонға қатысушылар 3 категория бойынша сынға түсті. Ең алдымен 5-12 жас аралығындағы балалар, екінші 13-18 жас аралығындағы  жасөспірімдер, сонымен қатар 18 жастан жоғары ересектер қатысты. 

Сайыс қорытындысы бойынша балалар арасында Бағдәулет Берікбол І орынға ие болды. Ал ІІ орынды Айзат Нұрадин жеңіп алды. ІІІ орын Шайхислам Қайырбекке бұйырды. 

Жасөспірімдер арасындағы жарыста І орынға Фархат Жетпісбаев ие болса, ІІ орынды Нұрсұлтан Шырынхан алды. Ал ІІІ орынды Тұрар Өмірзақ иеленді.

«Біз мұндай жарысқа алғаш рет қатысып отырмыз және жүлделі орынға ие болғанымызға өте қуаныштымыз. Ұйымдастырушыларға, атап айтқанда Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Сиюов Сағатбек Қуанышбекұлына бізді назардан тыс қалдырмай шақырғаны үшін ерекше рахметімді айтамыз және алдағы уақытта да осындай жарыстар болып тұрса», -деді Айкүн Ошақбаева. 

Ерсектер арасында жүлделі І орынға Сәбит Серікбаев жайғасты. Ал ІІ орын Айша Айтпенбетоваға бұйырды. ІІІ орынды Ақтоты Тастаева иеленді.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ал қалған қатысушыларға алғыс хат пен ынталаңдыру сыйлықтары табысталды.



11 қараша 2022 ж. 260 0