» » Толық емес отбасы жеңілдік санатынан алынып тасталды

Толық емес отбасы жеңілдік санатынан алынып тасталды


Жүргізілген талдауды ескере отырып және отбасы институтын сақтау және ынталандыру мақсатында «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушыларынан толық емес отбасы санаты алынып тасталып, жетім балалар, 1 және 2-ші топтағы мүгедектігі бар адамдар санаты енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол хабарлады.

Оның мәліметінше, жүргізілген мониторинг «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап әкімдіктерде толық емес отбасы санаты бойынша кезекте тұрғандар саны 72%-ға артқан. Бұл – басқа кезекте тұрғандардың тең емес жағдайын тудырған.

– «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініштердің 50%-дан астамы осы санаттан келіп түсті, оның 35%-ы жеңілдетілген қарыз алды. Сондай-ақ статистика деректері бойынша 2019 жылы ажырасулардың ең көп саны тіркелген – 59 796. Бұл – 2009 жылғы көрсеткіштен 9,1%-ға жоғары және 2020 жылғы ажырасулардан 20% төмен. Бұл ретте 25-39 жас аралығындағы топтар 59% артты, – дейді спикер.
04 қазан 2022 ж. 628 0