Соңғы жаңалықтар

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Бала өмірі бақылауда

Бала өмірі бақылауда



Облыстық полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес Жаңақорған ауданында «Балабақша» жедел профилактикалық ісшарасын өткізіп жатырмыз. Мақсат – аудан көлеміндегі бала тасымалдайтын автокөліктердің стандартқа сәйкестігін, олардың ақауы бар-жоғын, жүргізушілердің жол жүру ережесін қаншалықты меңгергендігін анықтау, сайып келгенде, жол – көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталып отыр.

  Жалпы аудан көлемінде 74 балабақшада бүлдіршіндерді жеке немесе жалдап алған автокөлігімен тасу жүзеге асырылып жатыр. Осы жүргізілген іс-шараның нәтижесінде бүгінгі таңда осы көліктердің тарапынан жолкөлік ережелерін бұзу деректері анықталды. Нақтылып айтатын болсақ, жолаушылар тасымалдаудың қағидаларын сақтамаудың 4 дерегі, міндетті техникалық тексеруден өтпеген 1 дерек, тасымалдау қағидасын бұзған 21 дерек, жол белгісі талаптарын орындамаған 14 дерек, шет мемлекеттен тіркелген автомобильмен заңсыз адам тасымалдаудың 1 дерегі, ұлттық стандарттың талаптарына сай келмейтін, сондай-ақ ақауы бар көлік құралдарын басқарудың 3 дерегі анықталды.

Жалпы, жүргізіліп жатқан жедел профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – балабақша басшыларының немесе осы балабақша бизнесімен айналысып жатқан кәсіпкерлердің өздері тәрбиелеп жатқан бүлдіршіндердің толықтай қауіпсіздігіне жауаптылығын күшейту болып отыр. Соңғы бір айдың ішінде Қызылорда облысында бүлдіршіндердің қазаға ұшыраған 2 қайғылы жағдай орын алды. Сондықтан балабақша тасымалы алдағы уақытта да қатаң бақылауда болатынын ескерткім келеді.

Ғани Тұрсекеев, Жаңақорған аудандық
полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі
16 шілде 2023 ж. 955 0