Сұхбат

№9 (8617) 31

31 қаңтар 2023 ж.

№8 (8616) 28

28 қаңтар 2023 ж.

Өңірлік

25 қаңтар 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
» » Әскери қызметшілер «Ата Заңым – айбыным» атты шара ұйымдастырды

Әскери қызметшілер «Ата Заңым – айбыным» атты шара ұйымдастырды



Қызылорда гарнизонында 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйытқы болуымен Әбділдә Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында іс-шара өтті.


«Ата Заңым – айбыным» тақырыбында өткен шараға Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – тәрбие, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстар басқармасының бастығы подполковник Алмат Жақыпов, Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Мыңжас Нұрлыбек Кәрбозұлы және департаменттің жеке құрамы мен кітапхана ұжымы қатысты.

Іс-шараның мақсаты – жеке құрамға Қазақстан Республикасының Ата Заңы туралы кеңінен насихат жүргізу, рухани дүниетанымын жетілдіру.

Шара басында Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Алмат Жақыпов Конституция күніне арналған баяндама жасап, Ата Заңның қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, халық бірлігіне жол бастағанын атап өтті. Сөз соңында барлық қатысушыларды осы атаулы күнмен құттықтады.

Департамент қызметшілері Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай қойылған «Ата Заңым – айбыным» атты көрмені аралап, кітапхананың тыныс-тіршілігімен таныс болатын облыстық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған арнайы экскурсияға қатысты.

«Конституция күнін облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізу арқылы әскери қызметшілер рухани азық жинады деуге болады. Ата Заңымыз туралы қосымша мәліметтерді де естіп, көріп білдік. Осылардан кейін Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, жеке басымыз бен отбасымыз үшін де маңызды екенін сезіндік», – деді Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің психологиялық қызметінің бастығы Нэлля Ысқақова.

Іс-шара соңында Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы Әбділдә Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, осы кітапхана директоры Нұрлыбек Кәрбозұлына арнайы алғыс хат табыстады.






29 тамыз 2022 ж. 188 0