№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үй жануарларын ұстаудың пайдасы қандай?

Үй жануарларын ұстаудың пайдасы қандай?


Қалада өмір сүретін адам үй жануарларын асырамаса, оның психикалық денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Мұндай қорытындыны Ульм (Германия) және Колорадо университеттерінің (АҚШ) ғалымдары жасады.  Эксперимент үшін 20-40 жас аралығындағы қырық неміс іріктелген. Қатысушылардың жартысы жануарлар бар фермада, ал қалғаны қалада өскен. Оларға математикадан оңай есеп берілген. Ер адамдардың иммунитетінің реакциясын анықтау үшін олардың тестке бес минут қалғанда қаны мен сілекейін және кейін 15, 60, 90, 120 минут өткен соң қабылдап, тексерген.
Нәтижесінде фермада өскен адамдардың ағзасындағы күйзеліске реакциясы сабырлы деңгейде болған. Яғни, бұл олардың болашақта психикалық аурумен сырқаттануына қауіп аз дегенді білдіреді. Ал қалада өскендердің ағзасында перифериялық қанның моноядролық жасушаларының деңгейі жоғарылаған. Ол - иммунитеттің күйзеліс жағдайындағы негізгі реакциясы. Тіпті, есепті шығарғаннан кейін 2 сағат өткенде де бұл деңгей төмендемеген. Яғни, уақыт өткен сайын күшейе берген. Зерттеушілердің айтуынша, үй жануарларынан иелеріне берілетін микроорганизмдер адамды күйзеліске төзімді етеді. Себебі бактериялардың әсерінен иммундық жүйе қабынуға қарсы процессте тепе-теңдікті сақтап, аллергия, аутоиммундық аурулар, психикалық ауытқулардың даму қаупін жояды.
 baq.kz

05 мамыр 2018 ж. 986 0