№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Баланың бәрі дарынды

Баланың бәрі дарынды


Жаңақорғандық төрт бірдей жас түлек Түркияның Алания қаласында ментальды арифметикадан өткен сайыстан жүлделі орындарды алып қайтты.

 Халықаралық деңгейде өткен жарысқа түрлі мемлекеттен келген сайыскерлер арасында аудан түлектерінің бағының жануы біздің де мерейімізді өсірді. Бейсенбі күні туған жер топырағына табаны тиген жеткіншектерімізді аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов бастаған топ арнайы күтіп алды. Ата-аналары қоршаған балауса түлектер жұзі бал-бұл жайнап, өздерінің қазақ елі атынан барған қасиетті сапардан жеңіспен оралғандарына мақтаныш сезімдерін де бүгіп қала алмады.

 Олар кімдер? Нұридин Асылан, 1-орын иегері, 11 жаста. Аудан орталығындағы №51 мектептің оқушысы, Ясин Жандосұлы, 2-орын иегері 8 жаста, №110 мектептің оқушысы, Тәңірберген Кәмила 7 жаста, «Жұмаділла Өскенбай атындағы жеке мектептің 1-сынып оқушысы және Асылхан Нұрасыл 12 жаста, аудан орталығындағы №163 орта мектептің оқушысы. Екеуі де жүлделі 3-орынды жеңіп оралды.
 Біз үш ай жаз каникулда жұмыс жасап, бүлдіошіндерді баулыған Жаңақорған арифметика мектебінің директоры Айнаш Әбсаттарованы әңгімеге тарттық.

 – Біздің оқушыларымыз бұдан бұрын республиекалық байқауға да барып топ жарып оралған болатын. Оған еліміз бойынша 160-тан астам бала жиналса, жаңақорғандықтар 40 үздік орынға шықты. 22 шілде күні облыстық олимпиадаға 70 бала қатысса, 20 бірінші орынды тағы да біздің балаларымыз меншіктеді.

– Осыншама жеңістің сыры неде?
– Оның өзіндік құпиясы бар. Біздің балаларымыз саусақ моторикасын меңгерген. Сондықтан уақыттан ұтып кетеді.

– Кез келген баланы ментальды арифметикаға қабылдап, нәтиже шығару мүмкін бе, жоқ талапкерлер іріктеле ме?
– Келген баланың бәрін қабылдаймыз. Барлығы да меңгеріп кетеді. Неге десеңіз, баланың бәрі дарынды. Олармен жұмыс жасай білу керек. Сонда бұйығы жатқан қабілет көзін ашуға болады. Біздің мектепте қаланың балаларының өзі жаз бойы қатынап оқып жатқаны осындай жанашыр еңбегіміздің арқасы деп ойлаймын. 4 пен 15 жас аралығындағы балалар үшін есігіміз әрдайым ашық, – дейді ол.

Жасулан Сейдеметов

08 тамыз 2022 ж. 251 0