Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жұмысқа орналасқан кезде неліктен еңбек шартын жасау маңызды

Жұмысқа орналасқан кезде неліктен еңбек шартын жасау маңызды



Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы жауапкершілікті негізгі, міндетті және ерікті деңгейлерде бөлуді көздейтін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің көп деңгейлі моделі құрылды.

Базалық деңгейде Қазақстан азаматтары еңбек қызметін жүзеге асыруға қарамастан, әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек алады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру 2005 жылдан бастап жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайда әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі ретінде енгізілді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық ресурстары жұмыс берушілер жұмыскерлер үшін, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар өздері үшін төлейтін әлеуметтік аударымдар есебінен қалыптасады.

Ай сайынғы әлеуметтік аударымдарды жұмыс берушілер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – Қор) өз қызметкерлері үшін бір ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерінен кем емес және 7 ЕТЖ-дан аспайтын табысының 3,5 % мөлшерінде төлейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдар міндетті зейнетақы жарналары сияқты жұмыскердің жалақысынан ұсталынбай, жұмыс берушілердің қаражаты есебінен төленеді.

Әлеуметтік аударымдардың уақтылы және толық түсуі  әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда жұмыскерге Қордан әлеуметтік төлемдер алуға құқық береді.

1. Қордан еңбекке қабылеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. Ол жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін 30%-дан 100%-ға дейін белгілеу кезеңіне төленеді.

2. Қордан асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. Ол асырауындағылар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысанында оқитындарға 23 жасқа дейін жүзеге асырылады.

Сатып алу қабілетін қамтамасыз ету үшін бұл төлемдер жыл сайын ұлғайып отырады. Мәселен, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлемдердің жалпы сомасы өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға өсті.

Егер бюджет қаражаты есебінен алушылар үшін ағымдағы жылдың 1-сәуірінен бастап бюджет қаражаты есебінен алушылар үшін мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 54 608 теңгені құраса, ал Қордан жұмыс істеген азаматтарға төленетін төлемдерді есепке алғанда жалпы сомасы 84 353 теңгені құрады.

Егер бюджет қаражаты есебінен алушылар үшін асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері ағымдағы жылдың 1- сәуірінен бастап 45 627 теңгені құраса, ал Қордан төленетін төлемдерді есепке алғанда жалпы сомасы 76 443 теңгені құрады.

Осылайша, жұмыс істейтін халық үшін бұл төлемдердің орташа мөлшері жұмыс істемеген алушымен салыстырғанда шамамен30 мың теңгеге жоғары.

3. Қордан жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан босату себептеріне қарамастан тағайындалады. Төлем құқығы жұмыспен қамту орталығы немесе «Электрондық еңбек биржасы»порталы (enbek.kz) арқылы жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап туындайды. Төлем мөлшері соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40% құрайды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады. 2021 жылы республика бойынша 105 564 адам 16,2 млрд. теңге, ал Қызылорда облысында 6180 адам 511 878 теңге сомасында төлем алды.

Ана мен баланы қолдау мақсатында жұмыс істейтін әйелдер үшін Қордан әлеуметтік төлемдер қарастырылған.
4. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы жылдағы орташа айлық табысқа және еңбекке уақытша жарамсыздық күндерінің санына байланысты. 2021 жылы республика бойынша 225 489 адам 123,6 млрд теңге, ал Қызылорда облысында 12 727адам5 176 732,4 теңге сомасында төлем алды.

5. Бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлем бала туған күннен бастап тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Екі немесе одан да көп бала туған кезде төлем әр балаға бөлек тағайындалады. 2021 жылы республикада 662 761 адам 154,5 млрд теңге, ал Қызылорда облысында 34 569 адам 7 210 799,6 теңге сомасында төлем алды.

Жалпы, 6,6 миллионға жуық адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болып табылады. 2021 жылы 1,1 миллионнан астам адам 340 миллиард теңгеге жуық, ал Қызылорда облысында 59 693 адам14 316 658,3 теңге сомасында төлем алды.

Міндетті әлеуметтік сақтандыруда жұмыс берушілердіңҚорға әлеуметтік аударымдарды уақтылы және толық төлеуі маңызды фактор болып табылады, өйткені төлемдердің мөлшері жүйеге қатысу ұзақтығына және табыс деңгейіне тікелей байланысты. Осыған байланысты, әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш берердің алдында  egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына (Халыққа қызмет көрсету орталықтары)немесе Қордың филиалдарына жүгіну арқылы әлеуметтік аударымдардың Қорға дұрыс және уақтылы түсуін тексеруді ұсынамыз.

Осылайша, белгілі бір әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде жұмыс істейтін азаматтар жұмыс істемейтін азаматтарға қарағанда мемлекеттік жәрдемақы және Қордан әлеуметтік төлемдер ала отырыпартықшылыққа ие болады.Осыған орай, еңбек шартының болуы жұмыс істейтін азаматтарға тек еңбек қана емес, сонымен қатар әлеуметтік тәуекелдер туындағанда әлеуметтік кепілдіктер береді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толығырақ ақпаратты Қордың gfss.kz интернет-ресурсы арқылы алуға болады.
04 тамыз 2022 ж. 323 0