№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытында шаралар қабылдануда

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытында шаралар қабылдануда

 
Облыста баға тұрақтандыру мақсатында өңірлік тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Қазіргі таңда мұнда 796,2 тонна өнім бар. Атап айтқанда, 159,9 тонна – бірінші сұрыпты бидай ұны, 137,7 тонна – қарақұмық жармасы, 25,9 тонна – күріш, 87,6 тонна – қант, 385,2 тонна өсімдік майы бар.

Әлеуметтік дүкендер мен сауда орындарындағы өнімдердің бағасына күн сайын мониторинг жүргізу мақсатында қоғам тарапынан бекітілген жауапты қызметкерлермен тұрақты бақылау жасалады. Бүгінде барлық әлеуметтік дүкендерде 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар турасындағы брифинг барысында жауапты сала өкілдері мәлімдеді.

-Бүгінде халықтың күнделікті тұтынуындағы азық-түлік тауарларының ішінде тұз бен күріш ғана өңірімізден өндіріледі, қалған 17 өнім жартылай және толықтай импорт арқылы әкелінеді. Десек те, алдағы уақытта кейбір өнімдерді өзімізден өндіру үшін тәжірибелер жасалуда. Өнім қорларын қалыптастыру мақсатында облыстық бюджеттен соңғы үш жылда (2020-2022) 3,9 млрд теңге бөлінді. Айналым схемасы аясында 20 келісімшарт негізінде 1143,0 млн.теңге қаржы кәсіпкерлерге заем ретінде берілді. Айналым схемасы аясында қарыз алған кәсіпкерлік субъектілермен 9584,5 тонна өніммен қамтамасыз ету жөнінде міндеттемелерге қол қойылған, - деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев.

Қазіргі таңда тұрғындар үшін маңызды деп саналатын қант бағасын тұрақтандыру және жетіспеушілігін болдырмау мақсатында өңірге тікелей «Көксу қант» зауытынан және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» арқылы қант жеткізу бойынша жұмыс жолға қойылған. Қант өніміне облыс халқының бір айға қажеттілігі 1178 тоннаны құраса, бүгінгі күні облыста 457 тонна қант қоры бар. Бұл ай соңына дейінгі қажеттіліктің 116,3 пайызын құрайды. Апта соңына дейін 204 тонна қант жеткізіледі. Жыл соңына дейін 3 155 тонна қант сатып алу жоспарлануда.

- Қазіргі таңда апта сайын тұрақтандыру қорының және кәсіпорындар шығарған тауарлармен жәрмеңке ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, «Айналым схемасы» бойынша әлеуметтік дүкендер мен бұрыштарда әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын белгіленген бағада сату үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай қолдау көрсетілді, - деп мәлімдеді «Байқоңыр» ӘКК» АҚ басқарма басшысының орынбасары Бауыржан Асылбекұлы.

Тұрғындар тарапынан соңғы уақытта азық-түлік тауарларының қымбаттауы жөнінде арыз-шағымдар жиілеген. Осыны назарға алған облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы 15 сауда нысанындағы азық-түлік бағасына қатысты тексерулер жүргізді. Нәтижесінде екі сауда нысанына сауда үстемесін сақтау бөлігінде заң бұзушылығы анықталып, ескерту түріндегі әкімшілік шарасы қолданылған.

- Жыл басынан бері 17 сауда нысанындағы азық-түлік бағаларына қатысты жоспардан тыс тексерулер тағайындалды. Тұрғындардың көп жағдайларда үй жанындағы дүкендер мен шағын маркеттердің қызметіне жүгінетінін ескере отырып, бірінші кезекте осы нысандарға бағаны негісіз өсірудің жауапкершіліктері ескертілді. Бұл жұмыстар аясында 2192 кәсіпкерлік субъектісіне хабарламалар беріліп, аталған нысандарға апта сайын мониторинг жүргізілуде. Айта кету керек, аталмыш мәселе облыс әкімдігінің тікелей бақылауында, - деді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мұса Қалдарбеков.

Сонымен қатар, нан бағасын арзандату мақсатында Азық-түлік корпорациясы арқылы 7 айға 14 317 тонна астық бөлінді. Облысқа ұн өндіруші кәсіпорнымен 3674,6 тонна ұн босатылып, оның ішінде 3532,7 тоннасы ірі наубайханаларға бөлке нанды төмендетілген бағада сату үшін мақсатты түрде берілген.

21 шілде 2022 ж. 233 0