Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 554

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылордада бүгін +42 +44℃ ыстық болады

Қызылордада бүгін +42 +44℃ ыстық болады


Ыстық ауа-райы жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық гипертензиясы бар, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін қауіпті.


Бас киімсіз далаға шықпаңыз, күн сәулесі тиюден сақ болу үшін күндіз қарт адамдар мен балалар серуендеуден бас тартқаны жөн. Физикалық жаттығуларды тоқтату керек.

Созылмалы аурулары бар адамдар дәрігердің ұсыныстарын нақты орындап, тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау қажет.
«Шөлді басу үшін таңертең, кешкі уақытта көбірек су ішіңіз, газдалған тәтті сусындарды пайланбаңыз.

Ыстық күні балаларға ерекше назар аударыңыз! Балалар ағзасы қоршаған ортаның жоғары температурасына ерекше сезімтал. Баланың қызып кету белгілері-терінің қызаруы, қызба, жүрек айну, себепсіз қыңырлық, ентігу, құрысулар және талып қалу. Бұл белгілердің алғашқы көріністерінде баладан киімді шешіп, көлденең күйге келтіріп, бүкіл денені дымқыл шүберекпен немесе суға малынған шүберекпен сүртіп, әр 5-10 минут сайын су беру керек. Есін жоғалтқан жағдайда дереу жедел жәрдем шақырыңыз», – делінген Қызылорда облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.
20 шілде 2022 ж. 382 0