№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өмірді өзгертуге 20 минут жеткілікті

Өмірді өзгертуге 20 минут жеткілікті

 Канада ғалымы Скотт Лир бастаған зерттеушілер жеті жыл бойы физикалық белсенділік, жүрек-қан тамырлары аурулары мен өлім-жітімнің жалпы деңгейі жөнінде деректер жинаған. 
Олардың зерттеуіне 35-70 жас аралығындағы 17 елден 130 мыңнан астам адам қатысқан. Ғалымдар аптасына кем дегенде 150 минут дене жаттығуын жасайтын адамдардың денсаулығы басқаларға қарағанда мықтырақ екенін анықтады. Себебі бұл жағынан белсенді адамдар инфаркт, инсульт сияқты жүрек-қан тамырлары ауруларынан аулақ болады, өлімге душар ететін басқа да себептер азаяды. Аптасына бар болғаны 2,5 сағат қимылдаудың өзі жастай өлу қаупін 28%-ға, ал жүрек ауруларының пайда болуын 20%-ға төмендетеді. Тағы бір басты нәрсе – физикалық белсенділіктің түрі маңызды емес. Скотт Лирдің пайымдауынша, денсаулық үшін ақша төлеу міндетті емес. Үй шаруасы болсын, физикалық еңбек не жаяу серуен болсын, кез келген белсенділік мезгілсіз өлім мен жүрек ауруларын болдырмайды. Дене шынықтыруға мүмкіндіктің көбейгеніне және фитнестің насихатталуына қарамастан қазіргі заман адамының қозғалысы күннен күнге сиреп барады. Көпшілік машинамен жүреді, уақытының көп бөлігін экран алдында өткізеді. Сол себепті созылмалы ауруларға шалдыққандар мен артық салмақты адамдар саны тез көбейіп жатыр.   Спортқа уақытыңыз болмаса, денені қалай ширатуға болады?   Спортпен айналысу үшін уақыт пен қаражат тапшы дерсіз. Алайда 20 минут жақсылап қозғалу үшін жүгіруге арналған кроссовка мен спортзалға абонемент алудың қажеті жоқ.   Скотт Лир Торонто университетінің профессоры Майк Эванстың аз қимылдайтын адамдарға арналған мынадай кеңесін ұсынады: Іскерлік кездесулерді серуен ретінде жоспарлаңыз. Егер жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынайтын болсаңыз, бір аялдама ерте түсіп, жаяу жүріңіз. Түскі үзіліс кезінде бір жерде отыра бермей, әрі-бері жүріңіз. Дүкенге машинамен баруды қойып, жаяу жүріп қайтыңыз. Егер машинамен жүрсеңіз, көлікті баратын жеріңізден алысырақ жерге қойыңыз. Лифтті қолданбай баспалдақпен көтеріліңіз. Скотт Лирдің айтуынша, зерттеуге қатысқандардың дені күнделікті өмірінде жаяу көп жүріп, жұмыста жіті қозғалған, үй шаруасын көп істеген. Үнемі қимылдап жүру – күйзеліспен күресудің таптырмас амалы.  

Дереккөз:baribar.kz.

31 қазан 2018 ж. 1 090 0