Журналист болу – мұратым
Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды шешімнің бірі. Оны әркім әртүрлі қабылдайды. Бірі анасының айтқанымен, бірі жүрек қалауымен, тағы бірі достарының ықпалымен. Ал мен өз қалауымен таңдағанның қатарынанмын.
Әдемі сөйлеуге, мағыналы жазуға, әдеби кітаптарды көп оқуға деген әуестігім осы саланы жастайымнан таңдауға әсер етті. Күнделікті бір дүние қайталана беретін, жаттанды қағидалармен жұмыс жасайтын маман болғым келмеді. Қазақта «көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама» деген жақсы сөз бар. Тегін оқимын ғой жалған есеппен жан дүнием қаламайтын мамандықты оқып, еліміздегі жұмыссыз жастардың санын арттырғым келмеді.
Себебі мамандыққа деген махаббатпен жасалған жұмыс ғана өз нәтижесін береді. Таңертең жұмысқа келгенде қайда барарын, қандай адаммен тілдесіп, сұхбат аларын білмейтін, әр күні жұмбақ болатын журналистикаға қызығушылығым сегізінші сыныпта басталды. Сол сәттен бастап «жаңалықтың жаршысы, мұң-мұқтаждың жоқтаушысы боламын» деген бала арман жүрегіме орнықты...
Бүгінде осы салада маманданып жатқан студентпін. Журналистиканы таңдаудағы басты себебім – қоғамның жақсы жаққа өзгеруіне ақпараттық тұрғыда өз үлесімді қосып, халықта жағымды жаңалықты дер кезінде жеткізіп отыру. Қоғамдағы күрмеуі қиын мәселелерді көтеріп, оның оң шешілуіне әсер етсем, бала арманымның, журналистік мұратымның орындалғаны деп білер едім.
Мақсат жолында «Жаңақорған тынысы» газетінде тағылымдамадан өтіп, тәжірибелі журналистерден тәлім алудамын. Бұл – менің журналистік жолымдағы ең елеулі, ең маңызды кезеңі ретінде сақталып қалатыны анық.
Мұндағы аға-әпке журналистер мақаланы тартымды жазудың қыр-сырын үйтеріп, адамдармен тіл табысу, сұхбат алушының көңіл-күйін тану жөнінде бағыт-бағдар беруде. Журналистиканың түрлі жанрында қалам тартып, сөз өнерінің сырын терең түсінуге жағдай жасауда.
Сондықтан «Жаңақорған тынысының» ұжымына алғысым шексіз!
Аружан БАҚЫТҚЫЗЫ