№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Жеңілдетілген автонесиеге бөлінген қаржы аз қалды

Жеңілдетілген автонесиеге бөлінген қаржы аз қалды


Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы тоқтаған жоқ. Жалпы 100 млрд теңге бөлініп, соның 75 млрд теңгесіне өтінімдер мақұлданды. Енді тағы 25 млрд теңгесі қалды. Бастапқы күндегідей 20-30 мың өтінімді қабылдай алмайды. Өйткені бағдарлама аясында тек 25 млрд теңге қалды. Осы орайда ертең тұрғындар «неге өтінімдерді қабылдамадыңдар» деп наразылықтарын айтуы мүмкін», деді министр Қ.Өскенбаев.
Сонымен қатар министрге бағдарламаға бойынша автокөлік қаншалықты жеткілікті болатыны туралы сұрақ қойылды.
«100 млрд теңгеге несиеге шамамен бірден 15-16 мың автокөлік алуға болады. Қазіргі кезде 10 мың көлікке есептелген өтінімді банктер мақұлдады», деді ведомство басшысы.
18 маусым 2022 ж. 560 0