» » Сапасыз жоғары оқу орындарын тексеру жұмысы жалғасады – министр

Сапасыз жоғары оқу орындарын тексеру жұмысы жалғасады – министр


 Асхат Аймағамбетов бастап кеткен сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарынан тазалау жұмысы жалғасады. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осыған дейін Асхат Аймағамбетов сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарын жауып, қаншама лицензия кері қайтарылды. Бұл мәселе әлі де аяқталмай қалған сияқты, сіз осы жұмысты жалғастырасыз ба?», – деп сұрақ қойды тілшілер министрге Үкімет отырысынан кейін.


«Иә, Асхат Қанатұлы үлкен жұмыс атқарды, ол қоғам тарапынан да, Президент тарапынан да жоғары бағаланды. Біз осы принципиалды позициямызды ұстанып, жоғарғы оқу деңгейінде ең бірінші сапаны қамтамасыз етуге бүкіл күш-жігерімізді саламыз, министрліктің басты бағыты осы болады. Сондықтан Асхат Қанатұлы бастаған жұмысты жалғастыратынымыз анық», – деп жауап берді Саясат Нұрбек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
14 маусым 2022 ж. 274 0