Рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері– Ту, Елтаңба, және Гимн Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтықтың жарқын көрінісі.
Салтанатты ант қабылданып, арнаулы атақтарды табыс етіліп, саптық байқау өтті.
Саптық байқаудың шарықтау шегі қызылордалық полицияның қатарына қосылған жас қызметкерлердің Ант қабылдауы болды. Аға буын әріптестері мен басшылық құрамның алдында бес жас полиция қызметкері Отанға адал қызмет етуге және қызметтің қиындықтарына төзе білуге салтанатты түрде ант берді.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі