№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Әбдіжәміл Нұрпейісов – заманымыздың заңғар жазушысы» атты республикалық ғылыми конференция өтті

Әбдіжәміл Нұрпейісов – заманымыздың заңғар жазушысы» атты республикалық ғылыми конференция өтті


Сыр өңірінде ұлт әдебиетінің абызы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовті еске алу кешінің жалғасы ретінде бүгін «Әбдіжәміл Нұрпейісов – заманымыздың заңғар жазушысы» атты республикалық ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева, жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елубай Смағұл, ҚР Мәдениет қайраткері Мырзан Кенжебай және кинорежиссер Рүстем Әбдірашов, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының арнайы делегациясы, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен ұстаздар, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туған-туысқандары қатысты.

Конференцияда аймақ басшысы жазушының рухани мол мұрасы мен құнды туындылары бүгінгі ұрпағының рухын көтеріп, тәуелсіз Қазақ елінің баянды болашағына қызмет ете беретінін атап өтті.

Қазақ елінің, қасиетті Сырдың руханиятына, әлемдік ақыл-ойдың бай қазынасына өлшеусіз үлес қосқан классик жазушы, елінің Әбесі болған дарабоз тұлға туған жерінің тағдырлы мәселесін жаһандық деңгейге жеткізіп, оқырман қауымның шексіз ықыласына бөленді.
30 мамыр 2022 ж. 217 0