№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Елімізде әскерилердің зейнет жасы өсті

Елімізде әскерилердің зейнет жасы өсті


Қорғаныс министрлігіндегілер әскерилердің зейнет жасын көбейту туралы жоспармен бөлісті. Бұл туралы министрліктің Зейнетпен қамту орталығының басшысы Қайыржан Бимолдин айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Биыл әскери қызмет туралы заңға қызмет мерзімін бес жылға көбейту туралы норма мен өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты зейнет жасы да бес жылға өседі», – деді Қайыржан Бимолдин.

Бұл әскери қызмет туралы заңда әскерилер үшін бекітілген шектік жасқа тікелей байланысты. Сонымен қатар әскерилер ынтымақты зейнетке мемлекеттік бюджет есебінен шығады. Бұған дейін бұл жинақтық жүйе есебінен іске асырылып келген.

2021 жылы әскери зейнеткерлерге зейнетақы жинағындағы қаржының 50% жеткіліктік шегіне қарамастан қолдану мүмкінлігі берілген еді. Егер әскери қызметкердің жинағында 3 миллион теңге болса, 1,5 миллион теңгесін қолдануға құқығы бар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
30 мамыр 2022 ж. 180 0