Қазақстанда 2021 жылға арналған ең төменгі жалақы және зейнетақы бекітілді

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда:
- ең төменгі жалақы - 42 500 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 18 524 теңге;
- ең төменгі зейнетақы - 43 272 теңге;
- салықтар және басқа төлемдерді төлеудің айлық есептік көрсеткіші - 2 917 теңге;
- күнкөрістің ең төменгі мөлшері - 34 302 теңге.
Жасы бойынша және еңбек стажына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын азаматтар үшін 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 7 пайызға өседі.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін қаражат мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызын құрайды.
Сонымен қатар, 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге және арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік қызметтердің тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге берілетін ай сайынғы қаражат - 3 739 теңгені құрайды.