№1 (8815) 7

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » АГРАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТҮСІНДІРУ ЖАЛҒАСТЫ

АГРАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТҮСІНДІРУ ЖАЛҒАСТЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы жанынан құрылған республикалық штабтың мүшесі Бақытбек Смағұл Жаңақорған кенті, Жаңақорған Аграрлы-техникалық колледжінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Республикалық штаб өкілдерімен бірге Облыстық маслихат депутаты Амитов Нуридин Егембердіұлы, Жаңақорған аудандық маслихат хатшысы Сопбеков Ғалымжан Жарқынбекұлы, аудандық маслихат депутаты қатысты.
Кездесуде алдағы референдумның мән-маңызы, онан күтілетін нәтижелер жөнінде кеңінен мағлұмат берді. Жиында штаб мүшесі осы жолғы өзгерістердің ауқымы өте кең екеніне тоқталып, референдумның маңыздылығын жайында айтты. Конституцияға енгізілетін түзетулер билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастардың оңтайлы тепе-теңдігін қалыптастыруға және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге көмектесетінін атап өтті.

Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз деп атап өтті. Осы тұрғыда біздер Қазақстанның демократиялы, әділетті және өркениетті мемлекет болып құрылуына үлес қосатындықтарын жеткізді.
Сондай-ақ, алдағы референдум – жекелеген топтарды күшейтуді емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайтуды көздейтіндігін жеткізіп, 5 маусымда дауыс беруге шақырды.
Аграрлы-техникалық колледжінің қызметкерлері өз ұсыныстарын жеткізіп, жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдайтынын және Жаңа Қазақстан құру жолында мемлекетке сенім артатынын айтты.

#ReferendumAMANAT

27 мамыр 2022 ж. 340 0