№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2020 жылдан не күтеміз?

2020 жылдан не күтеміз?


Еңбек,әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы
Дүйсенбай Салтанат Жолдыбайқызы сұхбатында 2020 жылдан бастап Зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерінің мөлшері өсетінін айтты.


ҚазақстанРеспубликасының «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңында2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіштің мөлшері (әрі қарай- АЕК) – 2651 теңге болса, ең төменгі зейнетақы– 38636 теңге, күнкөріс деңгейі – 31183 теңге,базалық зейнетақы төлемі – 16839 теңге, ең төменгі жалақы – 42500 теңге болып белгіленді.
Осыған байланысты, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің алып отырған мөлшері 7% -ға арттырылады.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгікүнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты көбей­тіледі.
Мысалы: Зейнеткердің еңбек өтілі 33 жыл және одан жоғары болған жағдайда зейнетақысының мөлшері 2019 жылғы желтоқсан айында базалық зейнетақы төлемімен қосқанда (71024+29698)= 100722 теңгені құраған болса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға көбейткенде 71024 х 7%=75996 теңге, оған31183теңгебазалық зейнетақы төлемін қосқанда (75996+31183) = барлығы 107179 теңге алатын болады, яғни 6457теңгеге көбейеді.
Егер еңбек өтілі 20 жыл болған жағдайда орташа зейнетақы мен базалық зейнетақы төлемін қосқанда (50995+21977)=72972теңге мөлшерінде зейнетақы алушы, келесі жылдан бастап 7 пайызға арттырылғанда 50995 х 7%=54565теңге, оған 23076 тенге базалық зейнетақы төлемімен қоса, барлығы (54565+23076=)77641 теңгені құрап, 4669 теңгеге ұлғаяды.
2019 жылдың желтоқсан айында ең төменгі зейнетақы мөлшері еңбек өтілдері -20 жыл болған жағдайда базалық зейнетақы төлемімен қоса (36108+21977=58085 теңге мөлшерінде зейнетақы алатын зейнеткердің зейнетақысы 7 пайыз есебімен 36108 х 7%=38636 теңге, оған базалық зейнетақы төлемін қосқанда (38636+23076)=61712теңге болады немесе 3627 теңгеге арттырылады.
2020 жылдан бастап тағайындалатын зейнетақы төлемін есептеу кезінде алынатын табыстың ең жоғарғы мөлшері 121946теңгемен шектеледі (2651 теңге АЕК х 46 еселенген).
Осы табыстан есептелетін зейнетақының ең жоғарғы мөлшері базалық зейнетақыны қоспағанда (121946х75%) =91460 теңгені құрайды , яғни ең жоғарғы табыстың 75 пайызынан аспауы тиіс.
Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеу­меттік жәрдемақы және тағы да басқа жәрдемақыалушылардың төлемдері 5 пайызға арттырылады.
№1,№2 Тізім бойынша (Ерекше ауыр және зиянды жұмыс істеген адамдар үшін) мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ балалар жәрдемақыларының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне сәйкес көбейеді.
Атап айтқанда, бала туылғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы мөлшері бірінші-үшінші бала туылғанда 2019 жылы -95950 т болса,2020ж – 100738теңге, яғни 4788 теңгеге , ал төрт және одан да көп бала туылғанда 2019 ж– 159075теңгеден 167013теңге немесе 7938 теңгеге артатын болады.
Бала бір жасқа толған дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақының мөлшері: тууы кезектілігіне байланысты: бірінші балаға 15270 теңге болса, екінші балаға 18054 теңгені, үшінші балаға 20811теңгені, төртінші және одан да көп бала туылғанда 23594 теңгені құрайтын болады.

Баян ҮСЕЙІНОВА
10 желтоқсан 2019 ж. 886 0