№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Референдум нәтижесі ел қолдауымен көрініс табады

Референдум нәтижесі ел қолдауымен көрініс табады


Философия, саясаттану және дінтану институтында «Конституциялық реформа Жаңа Қазақстанның саяси-құқықтық негізі ретінде» тақырыбында өткен конференцияда конституциялық реформаның өзекті мәселелері, жаңа Қазақстанның саяси-құқықтық аспектілері, жалпыұлттық референдумның мақсаты мен міндеті талқыланды.

Институттың жетекші ғалымдары мен сарапшылар жиын барысында Президент Қ.Тоқаевтың жалпыұлт­тық референдум өткізу бастамасын қол­дай отырып, реформалар нәти­же­сінде еліміздің саяси дискурсы, құқық­тық, әлеуметтік-экономикалық барысына қатысты өзгерістерге қатысты басым­дықтарға тоқталды.

Конференцияны институттың Саяси зерттеулер орталығының директоры, философия ғылымдарының кандидаты Айдар Әмребаев жүргізді.
Конституцияға өзгерістер мен толық­тырулар енгізу бойынша референдум өткізуді қолдайтын Алматы қалалық штабының мүшесі, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры, академик Серік Сейдуманов конференцияға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Қазіргі кезде респонденттердің алпыс пайыздан астамы референдумға қатысу­ды қолдайды. Ал алдағы күндерде бұл көр­сеткіштің арта түсетіндігіне сенім біл­­дірген С.Сейдуманов құқықтық өр­ке­ниеттілік, ішкі саяси мәдениетке қатыс­ты мәселелерге тоқталды.

Саясаттанушы, ҰҚСК мүшесі Расул Жұмалы «Бұған дейін елімізде, халық­аралық кеңістікте орын алған саяси ахуалды ескергенде Президент Қ.Тоқаевтың қоғам алдына саяси реформаларды жүзеге асыруға қатысты шешім қабылдауы батыл қадам», деп атап өт­ті. «Ал референдум өткізу өркениетті қоғамға тән. Әрине, болар іске сыншы көп. Осы орайда кез келген елдегі сая­си реформаларды ой елегінен өткізіп, талдау жасаудың маңызы мол», деді сарапшы. Р.Жұмалының айтуынша, бүгінде мемлекеттік құрылым осындай сараптамалық ғылыми тұжырымдарға зәру. «Қоғамды соңғы онжылдықтарда белең алған әділетсіздік, әлеуметтік теңсіздік, жемқорлық, ашықтықтың жет­кіліксіздігі сияқты факторлар алаң­датып келді. Осы орайда көше демокра­тиясымен емес, қоғамның өзін саяси үрдістерге қатыстыра отырып оң нәти­жеге қол жеткізудің маңызын уақыт көрсетіп отыр. Осы орайда өзгеріс­терді қалап отырған қоғам үшін рефе­рен­думның барысын түсіндіру жұмыс­тары жеткіліксіз жүріп жатыр», деген Р.Жұмалы сауатты, өркениетті ақылға жеңдіретін реформалар дәл осы кезеңде еліміз үшін аса қажет екенін атап өтті.

Философия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сәбит халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, кадр­лар даярлау, қоғамдағы әділеттілік туралы пікірімен бөлісіп, елдегі реформаларды қолдайтындығын білдірсе, институттың бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты Раушан Сартаева «Өтпелі кезеңде еліміз жаңғыруына бағытталған міндеттерді жылдам жүзеге асырудың маңы­зына тоқталып, әлеуметтік, құқық­тық мәде­ниетті арттыру, рухани дамуымызға мән бере отырып, мықты құқықтық база­­мызды қалыптастыру қажет», деп атап өтті. Бұл бағытта сапалы білім­нің, отбасының, бүтіндей қоғамның белсен­ділігі маңызды екенін де алға тартты.
Еуразия ғылыми-зерттеу институ­тының аға зерттеушісі Әбен Дәурен реформаларды жүзеге асырудан туындаған қарама-қайшылықтар төңірегінде ой қозғап, әрбір пікірге қатысты дәйекті ойларын ортаға салды.

Сарапшылардың пікірінше, сындарлы кезеңде жүзеге асатын іс-қимылдарға байланысты сыни пікірлердің болатыны заңдылық. Дегенмен ішкі, сырт­қы жағ­дай­ларды ескере қараған­да Прези­дент ұс­танып отырған реформа­тор­лық ба­ғыт­тың қорытындысы таяу келешек­тің ен­ші­сінде. Ал жалпыұлттық референ­дум­­ның нәтижесі әрбір қазақ­стандықтың ел бо­ла­шағына деген сенімінен көрініс табады.
 
                                                                                                                                               АЛМАТЫ
19 мамыр 2022 ж. 296 0