Мемлекеттік қызметші әдептілік айнасы болуы тиіс
Бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуында мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен қатар, олардың әдептілігі де маңызды, себебі әдептілік мемлекеттік қызметтің басты ұстанымдарының бірі болып табылады.
Мемлекеттік қызметші өз қызметінде іскерлік қасиеттері мен мінез-құлық қағидаларын реттейтін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін қатаң сақтауы тиіс.
Кодекске сәйкес мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы, әділдігін және ашықтығын қамтамасыз ету, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілікті және ресми мінез-құлық қағидаларын ұстану қажет.
Жалпы билік өкілдерінің білімді, әділ, шыншыл, әдепті де сыпайы, мінезі мен сөзі түзу болуы керектігі осыдан 10 ғасыр бұрын Жүсіп Баласағұнның "Құтадғу білік" атты дастанында көрініс тапқан. Аталған еңбекте Жүсіп Баласағұн мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен тәртібін, сарай қызметкерлерінің қандай болу керектігін жазған.
Мәселен, Қарахан елінің билеушісі "Мемлекеттің барлық ісін бір өзім атқара алмаймын, жаныма істің ретін білетін ақылды, білімді, озық ойлы, елге жаны ашитын, әділ, шыншыл, мінезі дұрыс және сөзі мен көңілі түзу қызметкерлер керек" десе, бас уәзірі қызметкерлеріне "Халықпен дұрыстап аралас, жақсы қарым-қатынаста бол. Тіліңмен жақсы сөз сөйле және жүзін жарқын болсын" деген.
Қарап отырсақ, мың жыл бұрын да мемлекеттің қызметіндегілерге жоғары талап қойылған. Яғни, қызметкерлердің мінез-құлқының дұрыс болуы, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайы, әдепті болуы өзектілігін жоғалтпайтын дүние.
Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшілердің халықпен өзара қарым-қатынасының негізгі көрсеткіші мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы болады. Сондықтан, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдау, халықтың сұранысына бағдарлануы тиіс.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта да, соның ішінде әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, өзге желі пайдаланушылармен сөйлесу кезінде сыпайылық танытуға, шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарды таратпауға, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға міндетті.
Алайда, бүгінгі таңда мемлекеттiк қызметшiлер күнделікті қызметінде, сонымен қатар халықпен кездесу барысында өзін-өзі ұстау мен көпшілік алдында сөйлеу кезінде әдеп нормаларына сай келе бермейтін әр түрлі кемшіліктерге жол беретін кездер жиі көрініс тауып, әлеуметтік желілер арқылы сынға ұшырауда.
Соңғы кезде, әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы аумағында короновирустық инфекцияға байланысты енгізілген карантиндік шектеулер кезінде мемлекеттік қызметшілердің карантин талаптарын, санитарлық нормаларды сақтамау фактілері туралы жазбалар халық арасында көп сынға алынып, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіруде.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесі заңнама талаптарын бұзып, бейәдеп қылықтар көрсететін мемлекеттік қызметшілерді тезге салып отырады.
Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысымен карантин талаптарын, санитарлық нормаларды сақтамау фактілері бойынша 9 лауазымды тұлға Әдеп кодексінің тұрғысынан тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, қызметтік көлікті мақсатсыз мақсатсыз пайдалану, азаматтармен сөйлесу кезінде дөрекілік көрсету, мемлекеттік сатып алу конкурсын немесе бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға конкурс өткізу барысында құқыққа сыйымсыз қолдау көрсету, заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасауы әрекеттері бойынша жауапкершіліктері қаралды.
Кеңестің 13 отырысында қаралған мәселелердің 42-сі тәртіптік іс болса, 25-і мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасына бағытталды.
Кеңестің шешімімен Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін 11 мемлекеттік қызметші әртүрлі тәртіптік жазаларға тартылса, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін 18 мемлекеттік қызметшіге "қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту" тәртіптік жазасы қолданылды.
Мемлекеттік қызметкершілердің жұмысына баға беретін халық. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші ең әуелі халыққа қызмет ететінін естен шығармай, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы, әділдігін қамтамасыз етуге, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан сынға ұшырамауға, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмеу керектігін назардан шығармауы тиіс.

Берікбол БАЙХОЖАЕВ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары