№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «Отан-Ана» республикалық байқауы басталды

«Отан-Ана» республикалық байқауы басталды


Кеше Сыр елінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновтың 60 жылдығына орай «Отан-Ана» республикалық әншілер конкурсы басталды. Байқауға еліміздің әр өңірінен 20-дан астам өнерпаз қатысады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов хабарлады.

– «Отан-Ана» республикалық байқауы дәстүрлі түрде өткелі отыр. Сонымен қатар байқауға халықаралық конкурстардың лауреаты, композитор Ринат Гайсин, Сыр елінің тумасы, ҚР мәдениет саласының қайраткері, әнші Мәдина Сәдуақасова, Құрмет орденінің иегері, мәдениет саласының үздігі Қайрат Баекенов және жерлесіміз, халықаралық байқаулардың лауреаты Сәбит Ұлықпанұлы қазылық ететін болады, – деді басқарма басшысы Руслан Рүстемов.

Республикалық конкурс 2 кезеңнен тұрады. Байқаудың негізгі талабы – қатысушылар жанды дауыста өнер көрсетуі керек. Осы орайда ҚР мәдениет саласының қайраткері, жерлесіміз Мәдина Сәдуақасова мен композитор Ринат Гайсин жас әншілерге сәттілік тілеп, Батырхан Шөкенов туралы ыстық естеліктерін еске алды.

– Батыр ағамыздың құрметіне ұйымдастырылған республикалық байқау жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін. Бұл байқауға қатысушы өнерпаздардың барлығы дерлік өте мықты. Себебі Батырхан Шөкеновтың шығармашылығындағы әндерді орындау кез келген өнерпаздың қолынан келе бермейді. Баршаларыңызды ән додасының куәсі болуға шақырамын, – деді әнші Мәдина Сәдуақасова.

– Батырхан Шөкеновтың шығармашылығы, әндері, қайталанбас тұлғасы ешқашан өшпейді. Сыр елінің төрінде өтіп жатқан байқау әрі қарай жоғары деңгейде жалғасатынына сенемін. Байқауды ұйымдастырушыларға ерекше алғыс білдіремін, – деді Ринат Гайсин.

Айта кетейік, 18 мамыр күні Батырхан Шөкеновтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өткізіліп, шара соңы орталық алаңда гала концертпен жалғасады.
18 мамыр 2022 ж. 469 0