» » ИГІ БАСТАМА ОҢ БОЛСЫН!

ИГІ БАСТАМА ОҢ БОЛСЫН!


Мемлект басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған биылғыдәстүрлі Жолдауында көтерген жаңа бастамаларды жүзеге асыру мақсатында, яғни жаңа Қазақстанды құру үшін саяси жүйені қайта жаңартып, Конституцияға өзгерістер енгізу үшін биылғы жылдың маусым айының 5 күні референдум өткізетіні жайлы Жарлыққа қол қойғандығы жайлы мамыр айының 5 күні бейнеүндеуі арқылы жариялаған болатын.
Ия, 27 жыл өмір сүрген Ата Заңымыздың үштен бірі өзгеріске ұшырайтындығы, қазіргі еліміздің даму бағытында оң, әділетті өзгерістердің қажеттілігінен туындап отыр. Мемлекетіміздің халықтың үніне құлақ аса отырып, осындай үлкен қадам жасауы халық пен биліктің бір арнада үндесуі деп ойлаймын.
Конституциялық өзгерістер мемлекеттік модельді кешенді өзгерістерге алып келеді.
- Мәслихаттардың ықпалы артады;
- Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлық-пропорционалды моделі енгізіледі;
- Аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың мажоритарлық жүйесі толықтай енгізіледі;
- Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардың дербестігі бекітіледі;
- Конституциялық сот құрылады;
- Елімізде "өлім" жазасы мүлдем жойылады.
Міне т.с.с. жасалғалы жатқан үлкен өзгерістер мемлекеттік жүйені жетілдіріп, қоғам мен биліктің диалогын қалыптастыруға жол ашады. Сондықтан баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұсынылатын оң өзгерістерге қолдау көрсету үшін алда өтетін референдумға қатысуда белсенділік танытуға шақырамын.
06 мамыр 2022 ж. 509 0