Мұнай саласының ардагері Байманов Ғалымды зейнеткерлік демалысқа шығарып салды!
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов мұнай саласының еңбек сіңірген қызметкері, Қорқыт ата атындағы университеттің құрметті профессоры, Қазақстан Ұлттық Инженерлік академиясының мүше-корреспондентін зейнеткерлік демалысқа шығуымен құттықтап Қызылорда облысының «Құрмет грамотасын» табыстады!
Ғалым Дүйсенбайұлы мұнай-газ саласында 40 жыл, оның ішінде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясында
34 жыл жұмыс істеді.
Ғалым Дүйсенбайұлының еңбегі мемлекет пен қоғам алдында ешқашан назардан тыс қалған емес. Көптеген мемлекеттік наградалармен, ордендермен, медальдармен марапатталған.
Мұның бәрі мұнай саласы мен облыс экономикасын дамыту жолындағы қажырлы еңбектің жемісі әрі жарқын көрінісі – деді Мархабат Жайымбетұлы.
Кездесуде мұнай компанияларының басшылары мен әріптестері Ғалым Баймановтың еңбек жолы туралы естеліктерімен бөлісті.