Соңғы жаңалықтар

Әке отбасы тірегі

12 маусым 2025 ж. 920

ТАҚЫРЫПТЫҚ ҚАБЫЛДАУ

12 маусым 2025 ж. 62

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Жастарға жалға берілген тұрғын үй жекешелендірілмейді

Жастарға жалға берілген тұрғын үй жекешелендірілмейді


Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй жекешелендіруге жатпайды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тұрғын үй қоры мекемесіне сілтеме жасап.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы шеңберінде берілген жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру мүмкіндігі туралы ұсыныс қабылданбады.
«Тұрғын үй тек 5 жыл мерзімге беріледі, яғни 5 жылдан кейін сіз бағдарлама шарттарына сәйкес берілген тұрғын үйді босатуыңыз керек. Осы бағдарлама бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді алғандардың барлығына тұру уақыты ішінде «Отбасы банк» АҚ-ға өзінің пәтеріне бастапқы жарнаны жинақтауды ұсынамыз», делінген хабарламада.
«Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы – бұл жұмыс істейтін жастардың өз баспаналарына ақша жинақтау мүмкіндігіне ие болуы үшін мемлекеттен қолдау.
Бағдарлама бойынша жалдау шартын бұзу шарттары:
1) 6 айдан артық жалдау ақысын төлемеу;
2) 3-ші адамдарға пәтерді тапсыру;
3) өтініш берушіде немесе оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында мүліктің болуы;
4) жалдау шартының 5 жылдық мерзімінің аяқталуы.
25 сәуір 2022 ж. 354 0