Адамдар ең алдымен
Мемлекеттік қызметтердің сапалылығы әрі қолжетімділігі арқылы мемлекеттік органдар жұмысының сапасын бағалауға болады. Бүгінгі таңда аймақта мемлекеттік органдармен 388 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.Олардың 174-і жергілікті атқарушы органдармен көрсетілсе, 214-і орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріменұсынылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тексерулер жүргізіліп отырады.Өткен жылы 25 тексеру жүргізілді.Тексеру нәтижесімен 665 заңбұзушылық анықталды. Заңбұзушылықтардыңең көп орын алғаны қызмет көрсету бизнес-процестерін бұзу – 473 бұзушылық болса, құжаттар топтамасы толық болмаса да 131 рет қызмет көрсетілген. Сондай-ақ, 53 рет қызмет көрсету мерзімдері сақтамалмаған, 7 мәрте қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуші мамандардың біліктілігін арттыру арқылы қызмет көрсету барысындағы заңбұзушылықтарды азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Адамдар ең алдымен» тақырыбында оқу курсы өткізілуде.
Оқу курсының мақсаты - мемлекеттік қызметтерді көрсетуші мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру. Оқыту бағдарламасы сервисология, әлеуметтану саласындағы ғылыми білімді, заманауи ақпараттық жүйелерді пайдалану практикалық дағдыларын қамтитын болады. Сонымен қатар, тыңдаушыларға заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, түрлі шеберлік сабақтары өтеді.
Аталған оқу курсында алғашқы дәрістіҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев оқыды.Алғашқы дәріске орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев «Парасаттылық негіздері» тақырыбында дәріс берді. Дәріс барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, клиентке бағдарлану мәселелері қозғалды.Дәріс соңында қатысушылардың сауалдарына жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлері талқыланды.
Оқу курстары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы базасында өткізілуде. Келесі кезекте жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлері қамтылады.
ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі