№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «Аmanatқа» ақ тілек

«Аmanatқа» ақ тілек


«Отан» партиясы кезінен мүшелікке өтіп, одан әрі ол «
NurOtan» атауын иеленді. Сол кез көзқарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, партия жауынгерлері билік пен халық арасында аманаттарын адал атқаруға тырысты деп есептеймін.
Халық пен биліктің арасының алшақтауы, сыбайлас жемқорлықтың дендеуі күрделі құбылыстарды туындататынын көз көрді. «Амаnat» партиясы осы кеткен олқылықтардың орнын толтырып, атына заты сай, ата-баба мұратына адал, жұртшылық жүрегіне жақын бола алуға міндетті.
Мен «Nur Otan» ХV съезіне делегат болып қатысып, мінберден сөз алған депутаттық мандатымды пайдаланып мына мәселені көп алдында назарға ұсындым.
Партияның жергілікті өкілдіктері қарапайым халықтың қай кезде болмасын өз есігіндей еркін енетін, жұртшылықтың өтінішіне жауап беретін орын болуы керек. Барлық мекеме-ұжымның жанында бастауыш партия ұйымдары құрылып, көпшілікпен қоян-қолтық жұмыс жасаса партияның беделі артады.
Біткен іске сыншы көп, дегенмен барды бағалай білген де жөн. Бір ғана өзім басқарған Сунақата ауылын алайық, көшелері жөнделіп, ауыз су әрбір үйдің ішіне кіріп тұр. Жаңадан үйлер салынып, әр отбасында бір, тіпті екі автокөліктен бар. Елдің егістік жері, қорасында малы бар. Осының барлығы елдегі тұрақтылықтың, берекелі тіршіліктің арқасы. «Амаnat» осы атқарылған баянды істі одан да әрі үлкен жобаларға жалғайды деп сенеміз.
Әзия Қыстаубаева, аудандық әйелдер
кеңесініңтөрайымы
07 наурыз 2022 ж. 255 0