Елбасы мемлекеттік мұрат жолын айқындады
ХХІ ғасырда бәсеге қабілетті дамудың жолы қандай? Жаһандану үрдісінде өзіміздің ұлттық ерекшелігімізді қалай сақтаймыз? Ұлы Дала елінде Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асырудың жолы қандай? Бұл сұрақтарға Елбасының "Елдіктің жеті тұғыры" атты қағидаттар жиындығынан жауап табуға болады.
Бүгінде жеткен барлық жетістігіміз Тәуелсіздік таңынының арқасында жүзеге асты. Жаңақорғандықтардың таным мен талғам таразысымен бағамдасақ, "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық жолы пайдалануға беріліп, жол қатынасы жеңілдей түсті. Ондаған жыл бұрын Жаңақорған ауданынан Қызылорда қаласына барап-келуге бірнеше күн шығындайтын болсақ, бүгінде магистральдық жолмен 180 шақырымды бір сағатта бағындырып, тиісті жұмысты бітіріп, түстен кейін-ақ ауылдан табыламыз. Жаңақорған кенті мен дарияның арқы бетіндегі елді мекендер тұрғындарын өзендегі қалқымалы көпір байланыстыратын. Оның орнына көпір салынып, аграрлық ауылдармен қарым-қатынас жеңілдей түсті. Бастысы, газдандырудың игілігін көріп, көмір тасу, күл шығару машақатынан айырылдық.

Мұның бәрі Тәуелсіздіктің сыйы деп қабылдаған дұрыс. Енді ел азаматтарының ортақ құндылығы саналатын Тәуелсіздікті қорғау және дамыту бағытында белсенді еңбек етуіміз тиіс.
Бүкіл әлем біздің елімізді татулық пен сыйластықтың, тыныштық пен тұрақтылықтың тұрағы, мекені деп біледі. Біз Елбасының көреген саясатының нәтижесінде этностық әралуандықты әлсіздігіміз емес, артықшылығымыз ете алдық.
Ғұн патшасы Мөденің жерді байлыққа теңеген ұлағатын әлі жадымызда сайрап жатыр. Тіпті ұлттық кодпен келген қасиет деуге болады. Міне, осы туған жерді құрметтеу, атақонысқа жанашырлық таныту әрбір азаматтың асыл міндеті. Жерді тоздырмай, келер ұрпаққа аманаттау біздің мойында тұрған қарыз әрі парыз.
Елдіктің бесінші тұғыры – халықтың рухани тірегі болып табылатын ұлттық мәдениет. Қазақ деген – болмысы ерекше, рухани-мәдени мұраларға бай халық. Тарихи санасын таразылап, Еуразия құрлығында өркениет ошағы болғанын білуге болады. Оған жүйрік атты алғаш қолға үйретіп, металлургия саласындағы ізі дәлел болады. Бізге өз мәдени болмыс-бітімізді табуда мінезді, рухты болудың жолын іздеу маңызды. Себебі міңез де, рух та мәдениет арқылы қалыптасады.
Мұндайда заңғар жазушы Әбіш Кекілбаев: «Мәдениет – өмір сүрудің тәсілі мен тәжірибесі. Мәдениет адамды кісі тануға, ел тануға, жер тануға, сөз тануға үйретеді» дегені ойға келеді.
Мұндайда заңғар жазушы Әбіш Кекілбаев: «Мәдениет – өмір сүрудің тәсілі мен тәжірибесі. Мәдениет адамды кісі тануға, ел тануға, жер тануға, сөз тануға үйретеді» дегені ойға келеді.
Адами капиталды құрайтын білім мен еңбекті, өз-өзінің мүмкіндігін саралай білетін прагматизм принциптерін де ұстану бүгінгі күннің басты талабы.
Сондықтан Елбасының қағиттар жиындығы – мемлекеттік мұрат жолындағы бағдаршам деуге болады.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ,
Жаңақорған аудандық мәслихатының депутаты.