Қай үстелге отырмас едіңіз?
Қай үстелге отырмас едіңіз?
1. Қазір сіз жалғыздан жалғыз қалып, оңашада өмір туралы толғаныстарыңызды тереңдеткіңіз келеді. Сізге қалай қол ұшын созарын білмейтін таныстарыңызбен, достарыңызбен кездесу қиынға соғып жүр. Не себепті аяқ астынан жақындарыңызды жатсынып шыққаныңызды ойланып көріңіз. Мүмкін, сізді әлдекім ренжіткен шығар? Жаныңыз жай табуы үшін ренжіткен жанға барып өкпеңізді ашып айту керек, негативті іште сақтамаңыз.
2. Сіз өте еңбекқорсыз, барлығын тап-тұйнақтай етіп жасағанды жақсы көресіз. Сол себепті басқаларына қарағанда екі есе тер төгесіз. Сіз секілді мықты адамдар да демалысқа мұқтаж. Күшіңізді қалпына келтіріп отыру үшін демалысты жиі ұйымдастырыңыз: барлық істі тастап, жеке өзіңізге уақыт арнаңыз. Еңбек демалысын алыңыз, күйзеліс денсаулығыңызға кері әсерін береді.
3. Жыл артынан жыл өткен сайын өмірдің өрескел қателіктері жаныңызға батып келеді. Бұрын алқызыл көзілдірікті тағып алып, адамдарға бар жаныңызбен сенім білдіріп, оптимистік көзқарастан айнымай жүретін болсаңыз, енді барлық жағдай сізді депрессияға түсіріп жатыр. Айналаңыздағылардан көңіліңіз қалғаны сонша, енді қайда қалай қадам жасауды да білмейсіз. Өзіңізді еркелетіңіз: киноға барыңыз не тәулік бойы төсекте жатып демалыңыз. Дәл қазір әлемді алақаныңызда ұстау міндет емес. Бәрібір бір күнде барлығын өзгертіп жібере алмайсыз. Қуатталыңыз, тынығыңыз, меланхолияңыз ұмытылады.
4. Сіз күйзелісті ең алдымен жасырын тәуелділіктен аласыз. Үнемі өзіңізді өзгелермен салыстырумен боласыз. Құрбыларыңыз секілді, басқа да сізге ұнайтын атақты тұлғалар сияқты менің жолым болмаған деп өзіңізді іштей жегідей жей бересіз. Өзіңізді бұлай қинауды қойыңыз. Ұнамайтын жағдайды өзгертіңіз. Дүкенге, сұлулық салонына барыңыз. Айнаға қараңыз, басқалардан ерекшелеп тұратын тұсыңызды байқайсыз. Оларға қызғаныш көзімен қараудың қажеті жоқ. Сіздің де жеке өзіңізге тән артықшылығыңыз бар. Осыны айқындай біліңіз, сонда жетістікке жетесіз.