№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Электрондық үкімет"

"Электрондық үкімет"

Жаңақорған ауданаралық Әділет басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2019 жылғы No 1048 санды қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің Қызылорда облысы әділет департаментінің Жаңақорған және Шиелі әділет басқармасы республикалық мемлекеттік мекемелері «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қызылорда облысы Әділет департаментінің Жаңақорған аудандық Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қосылу жолымен қайта ұйымдастырылып, Жаңақорған ауданаралық Әділет басқармасы болып атауы өзгертілді.
Жаңақорған ауданаралық әділет басқармасы Қазақстан Республикасының 17.04.1995 жылғы No 2198 санды «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңының және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы No 66 бұйрығымен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын» басшылыққа алып жұмыс жасайды.
Құрылған, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді, жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді,заңды тұлғалардың қорлары мен бірлестіктерін есептік тіркеуді, қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді аумақтық әділет органдары жүзеге асырады. Ал, коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді Мемлекеттік корпорация жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу ұғымы бизнес-сәйкестендіру нөмері беріле отырып, оларға мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беруді,заңды тұлғалар туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендіру номерлерінің ұлттық тізіліміне енгізуді қамтиды. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің мақсаттары-заңды тұлғаның құрылу, қайта тіркелу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу, қайта ұйымдастырылу және қызметінің тоқтатылуы,сондай- ақ филиалдар мен өкілдіктердің құрылу, есептік қайта тіркелу, құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу және қызметінің тоқтатылуы фактісін куәландыру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
2021 жылдың 1 тоқсанында Жаңақорған ауданаралық әділет басқармасына заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласы бойынша 132 бұйрық қабылданып, қатынас арқылы 15 өзгерістер мен толықтырулар тіркелді. Алдағы уақытта да, Жаңақорған ауданаралық әділет басқармасы Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес халыққа қызмет көрсете береді.

С.Ибраев,
Жаңақорған ауданаралық
әділет басқармасының басшысы.
 


23 сәуір 2021 ж. 708 0