Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 81

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Пәрменді құжаттың бағдары

Пәрменді құжаттың бағдары


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын ықыласпен тыңдадым. Пәрменді құжатта елдің тұрақты дамуын қамтитын, барлық салаға тың серпін беретін бастамалар айтылып, бағдарымызды айқындады.
Президент: «Халқымыз үшін зиялы қауымның орны қашанда ерекше. Ұлт тағдыры сынға түскен сәтте көзі ашық азаматтар әрдайым көш бастаған. Адасқанға жөн сілтеп, жастарға бағыт-бағдар берген. Ел ағалары бір ауыз сөзбен тентегін тыйып, тектісін төрге оздырған. Біз қанымызға сіңген осы қасиеттен айрылмауымыз керек», деп ұлт зиялыларының елдік мұрат жолындағы іске ұйыстырды
Ел ағасы, қоғам белсендісі ретінде қолымнан келгенше өзекті мәселелерден шет қалмауға, шешу жолында ақылымды айтып жүремін. Соның бірі өзімнің тұратын «Саяжай» мөлтек ауданындағы дүкендерге ішімдік сатуды тоқтату еді. Қолымыздан келді. Тоқтаттық. Мейлі бір ғана дүкен болар, ол да үлкен жетістік. Президентіміз: «Отаншылдық, білімге құштарлық пен еңбекқорлық, бірлік пен жауапкершілік сияқты қасиеттер дәріптелуі керек» деді емес пе?!
Сол себепті де Президент Жолдауын зор ықыласыммен тыңдай отырып, түйінді ойларын жіті саралап, пікір қалыптастыруды өз міндетім деп санаймын.
Серік Мұсабай,
ауданныңҚұрметті азаматы
12 қыркүйек 2021 ж. 424 0