№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Медиация күніне орай "татуласу орталығында" ашық есік күні өткізілді

Медиация күніне орай "татуласу орталығында" ашық есік күні өткізілді

"Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қолданысқа енгеніне 10 жыл толуына және 5 тамыз Медиация күніне орай аудандық сот судьялары мен кәсіби медиаторлардың қатысуымен кент орталығында ашылған «Татуласу орталығында» ашық есік күні өткізілді.
«Ашық есік» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, сот төрелігіне қолжетімді ету және татуласу рәсімдерін кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді.
Сонымен бірге жергілікті халықты ақпаратпен қамтамасыз ету, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру болып табылады.
Қабылдауға Жаңақорған ауданының 4 тұрғыны келіп, өздерінің шешілмей жүрген мәселерімен кеңестерін алды.
Сұрақтардың дені азаматтық –құқықтық реттеу мәселелері, алимент төлеу, еңбек заңнамасының бұзылуы және тағы басқа тақырыпта болды.
Әрбір қойылған сұраққа заңды түсіндіре отырып, толық жауаптар берілді.
Сонымен қатар, татуластыру рәсімдері аясын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу жоба жүзеге асырылып жатқанын, бұл жоба дауларды сотқа жеткізбей шешуге бағытталғанын, жаңа жоба медиация институтының дамуына орасан зор ықпалын тигізіп, қоғамдағы дауларды азайтуда нақты нәтижелер беретіндігін айтып өтті.
Айта кетерлігі «татуласу орталығында» кәсіби медиаторлармен қатар аудандық судьялары да азаматтарға кеңес береді.
Бұл жоба тұрғындарға тиімділігін көрсетіп келеді және бітімгер мамандар мен судьялардың өзара тәжірибе алмасуына таптырмас мүмкіндік болып отыр.
Ақпарат : Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
05 тамыз 2021 ж. 281 0