» » Вакцинаның екінші компонентін салдырмаса, иммунитет қалыптаспайды

Вакцинаның екінші компонентін салдырмаса, иммунитет қалыптаспайды

Әлемді шарлаған індеттен арылудың бірден бір жолы-екпе салдырту екенін дүние жүзі мойындап отыр. Осы орайда тұрғындарды коронавирусқа қарсы екпе салдыруға белсене атсалысуға шақырамыз. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында №3 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Жанерке Жақсылық мәлімдеді.

-Адамдардың көпшілігі вакцинаны ешқандай ерекше белгісіз өткізеді. Ал, кей адамдарда инъекция орнында аздап ауырсыну, қызару немесе ісіну, әлсіздік болуы мүмкін. Кейде дененің қызуы көтерілуі, аздап қалтырау, жүрек айну және лимфа түйіндерінің шамалы ұлғаюы мүмкін. Мұның бәрі иммунитетті қалыптастырудағы қалыпты реакциялар. Қазіргі уақытта вакцинацияланған адам басқаларға қауіп төндірмейді.

Вакцинаның екінші компонентін салдырмаса, адамда иммунитет қалыптаспайды. Өйткені екеуінің құрамы екі түрлі. Сондықтан бір-бірінсіз адамның бойында иммунитет қалыптаспайды. Екінші компонентін міндетті түрде салдыру керек.

Соңғы уақытта өңірдегі вирус деңгейінің күрделеніп, үнділік Дельта штамм белгілерінің таралуы себепті көпшілікті сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз. Қазір вирустың мутацияланған белгілері анықталуда. Індетті жеңу үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, тұрғындарды белсенді түрде екпе егу жұмыстарына шақырамыз,-деді Жанерке Алмасқызы.
БЕЗ ВВЕДЕНИЯ ВТОРОГО КОМПОНЕНТА ВАКЦИНЫ У ЧЕЛОВЕКА НЕ ФОРМИРУЕТСЯ ИММУНИТЕТ

Во всем мире признают, что одним из путей избавления от эпидемии, охватившей мир, является вакцинация. В связи с этим призываем жителей принять активное участие в вакцинации против коронавируса. Об этом на пресс-конференции в Региональной службе коммуникаций сообщила заведующая отделением городской поликлиники №3 Жанерке Жаксылык.
Большинство людей переносят вакцину без каких-либо особых ограничений. Ну, у некоторых людей может быть небольшая боль, покраснение или отек, слабость в месте инъекции. Иногда может наблюдаться повышение температуры тела, небольшой озноб, тошнота и незначительное увеличение лимфатических узлов. Все это нормальные реакции в формировании иммунитета. В настоящее время вакцинированный человек не представляет угрозы для окружающих.
Без введения второго компонента вакцины у человека не формируется иммунитет. Потому что оба имеют два разных состава. Поэтому без друг друга у человека не формируется иммунитет. Второй компонент обязательно должен получен.

Мы призываем общественность строго соблюдать меры предосторожности из-за того, что уровень вируса в регионе в последнее время становится все более сложным и распространяет симптомы индийского штамма Дельта.
- Сейчас выявляются мутировавшие признаки вируса. Для преодоления эпидемии необходимо сформировать коллективный иммунитет и активно призывать население к вакцинации,-сказала Жанерке Алмаскызы.
22 шілде 2021 ж. 566 0