Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «Nur Otan» партиясы жаңа науқанға дайын

«Nur Otan» партиясы жаңа науқанға дайын


Ел тарихында алғаш рет ауылдық округ әкімдерін халық сайлайды. Жауапты науқан жақындап, кандиттар сайлауалды бағдарламасын насихаттауға кірісті. Үміттілер межесі мен міндетін, мақсаты мен мұратын ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі арқылы жариялауда. Сайлау жақындаған сайын қарапайым халық арасында да әртүрлі сауал да көбеюде. Алдағы үш жылда жалпы әкімдер корпусының 91 пайызы сайланатынын ескерсек, онда бұл елдің саяси өміріндегі елеулі оқиғаға айналатын болады. Мұндағы мақсат – халықтың талабы мен әкімнің жауапкершілігі күшейеді.
Жаңа форматтағы әкімдер сайлауының негізгі ерекшелігі, біріншіден, кандидат өзін-өзі ұсына алады. Бұл – азаматтық қоғамды дамататын тетіктің бірі. Екіншісі, үміткерді ұсынудың бір жолы – саяси партиялар арқылы жүзеге асады. Осы орайда, «Nur Otan» партиясы да өз кандидаттарын ұсынғанын жақсы білеміз. Сәтін салып, «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаевпен сұхбаттастық.
– Мәжит Байқожаұлы, бас партия бұл жолғы маңызды науқанның жүгін біледі. Меже мен міндет қандай?
– Өздеріңізге мәлім, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша 25 шілдеде тұңғыш рет аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Мемлекет басшысы атап өткендей, «алдағы сайлау – саяси жүйеміздің кемеліне келгенінің белгісі ғана емес, сонымен бірге қоғамымыздың демократиялық даму жолына нық қадам басқанын білдіреді».
Бүгінгі таңда Жаңақорған ауданы бойынша 13 ауылдық округ әкімдігіне сайлау өткелі отыр. Оның 10 ауылдық округіне партия атынан кандидаттар ұсындық. Қазіргі таңда барлық кандидат сайлау заңы талаптарына сәйкес сайлауалды бағдарламалары дайындалып, үгіт жұмыстарын бастады. Үгіт насихат жұмыстарына 9 күн арналып отыр, сол күндерге партия тарапынан арнайы желілік кесте дайындалды. Желілік кесте бойынша «Есіктен есікке» акциясы 9 күнде 90 шара  өткізілсе, сайлауалды бағдарламаларын түсіндіру бойынша білім саласы қызметкерлерімен, ауылдық клуб үйі қызметкерлерімен, денсаулық саласы қызметкерлерімен, ауылдағы жеке кәсіпкерлермен және шаруақожалық жұмысшыларымен, жастармен кездесулер қамтылды. Бүгінгі күні Өзгент, Қожакент елді мекендеріне кандидаттар мен кездесулерге арнайы барып, үгіт насихат жұмыстарының жүргізілу барысымен танысып қайттым.
– Партия үміткерлерді қалай іріктеді?
– Аудандық партия филиалының Саяси кеңесі Бюросы отырысында 10 ауылдық округі әкімдігіне 30 кандидат келісіліп, Жаңақорған аудандық кезектен тыс 27 конференциясында делегаттарға барлық ұсынылып отырған кандидаттар таныстырылып өтті. Дауыс беру нәтижесінде 10 ауылдық округі әкімдігіне 10 кандидат іріктеліп алынып, Сайлау үйіне тіркеуге ұсынылды.
– Үміткерлердің сайлауалды бағдарламалары жөнінде тоқталсаңыз.
– Жалпы, «Nur Otan» партиясы парламенттік және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауынан кейін өз сайлауалды уәделерін іске асыруға кірісті. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламаны іске асыру үшін Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен Жол карталары бекітілді. Партия Лидерінің алға қойған міндеттерін ескере отырып, өңірде партияның сайлауалды уәделерінің орындалуына жүйелі бақылау, бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуына мониторинг жасауды қамтамасыз ететін Қоғамдық кеңес құрылды. Бүгінде аталған Қоғамдық кеңес мүшелері ауданымызда да қарқынды жұмыс істеуде. Партия атынан ауыл әкімі лауазымына ұсынылған кандидаттардың сайлауалды бағдарламалары партияның ұстанымдарымен толық үндеседі. Үміткерлердің бағдарламаларында тиісті ауылдың өзекті мәселелері мен олардың шешілу жолдары толық қамтылған.
– Партияның алдағы басқа да жоспарлары жөнінде бөліссеңіз.
– Ең басты меже – елдік мүдде. Осы жолда жұмыла қызмет етуге дайынбыз. Елбасы Нүрсұлтан Назарбаев нұротандықтардың басты үш қағидаты – жауапкершілік, командалық рух, партия идеалдары мен құндылықтарына беріктік екенін әркез айтады. Сондықтан біз межеленген жоспарлар мен берген сайлауалды уәделеріміздің барлығын партия белсенділері мен жақтастарымен жұдырықтай жұмыла отырып, бірге жүзеге асыратын боламыз.
– Сұхбатыңызға рақмет!


Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
17 шілде 2021 ж. 820 0