№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дельта штамының белгілері қандай?

Дельта штамының белгілері қандай?


Үндістанда алғаш рет коронавирустың «дельта плюс» деген жаңа штаммы тіркелгенінде «е, шалғай жатқан ел ғой» деп аса маңыз бермеген едік. Бірнеше айда әлемге жылдам тарап, елімізге де келіп жетті. Бұл сақтыққа ерекше мән беруге меңзейді.
Коронавирустың мутацияланған бұл түрі әлемнің 74 елінде анықталып, оның ішінде, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы да бар. Бұл үнді штамының негізгі белгілері қандай? Осыған тоқталсақ.


Коронавирустың бұл түрі бұрынғыға қарағанда 60 пайыз жылдам жұғатыны белгілі болды. Үнді штамын жұқтырған адамның өліп кету қаупі жоғары. Вирустың бұл түрін жұқтырған адамдарда диарея жиі кездеседі. Ол пандемияның бірінші толқынында мұндай симптом әлдеқайда аз кездескен.
Британиялық сарапшылар үнді штамы бар адамдарда гангренаны қоздыратын тромбтар пайда болатынын ескертеді. Сонымен қатар науқастар есту қабілетінің бұзылуын және асқазанның қатты ауыратынын айтқан. Дельта штамының белгісі суық тию симптомдарына ұқсас.
Аудандық емхананың инфекцинисі Алмагүл Төреқожаевадан дельта штамының негізгі белгілері жайлы сұрадық.
– Бұл штамды көбінесе жастар жұқтырады. Басты симптомы – бас ауруы, тұмау, ангина, жоғары температура. Иіс сезу қабілеті жоғалмайды және жөтел болмайды. Іш ауру, құсу, тыныс жолы тарылуы мүмкін. Орташа алғанда, бір адамнан 5-6 адам жұқтырады, ал айналымдағы штамдардан 3-4 адамға жұғады. Штамның инкубациялық кезеңі – 7 күн. Үнді штамынан өлім-жітімнің ықтималдылығы жоғары, – деді дәрігер.
Дәрігерлер болса, ресейлік «Спутник V» мен қазақстандық «QazVac» вакцинасы «дельта плюстан» қорғауға қауһарлы екенін айтуда.
Ағылшын профессоры Томито Спектор: – «Дельта» штамының белгілерін мұқият зерттедік. Бас айналып, тамақ ауырса, күдіктене беруге болады. Мұрын да бітеледі. Бұл әдетте ковидке тән емес симптомдар. Демек, қауіпті дерт өзгеше тарап жатыр. Бұл штамды жұқтырушылар байқамай да қалуы мүмкін. Өйткені ол кәдімгі тұмау секілді. Менде жай ғана сырқат деп қоғамдық жерде алаңсыз қыдырып жүргендер ойлануы керек. Осы себеппен Англияда вирус жұқтырғандар саны көбейіп барады, – деп мәлімдеме жасады.
Қазір елдің арасында вакциналауға байланысты алыпқашпа әңгімелер азаймай тұр. Өткенде бір таксиге отырдым. Жүргізуші вакциналауға байланысты өз пайым-түсінігін көпшілікке айтып, екіұдай пікір қалыптастырып келеді.
Сосын: – Сіз дәрігерсіз бе? – дедім.
– Жоқ, – деді ол.
– Онда елге күманды ойларды айтып, жұртты шатастырмаңыз. Әркім өз орнын, өз міндетін білеуі тиіс, – деп талап қойдым.
Әрине, әр адамның вакцина алуы өз еркі. Алайда «дельта плюс» сынды вирустың мутацияланған жаңа түрлері тарап жатқанда қарап жүрген жарамайды. Өткен жылы қаншама жақсыларымыз бен жайсаңдарымыздан айырылып, өкініштен өзегіміз өртенген еді ғой! Осыны ұмытпайық, ағайын!

Айгерім МЫРЗАХМЕТОВА
13 шілде 2021 ж. 411 0