№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Хабарландыру: "ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ" Республикалық конкурсына өтініш қабылдау басталды

Хабарландыру: "ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ" Республикалық конкурсына өтініш қабылдау басталды

           
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы  №50 қаулысымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2021 жылға арналған жол картасының 63-3 тармағына сәйкес,  «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарлаймыз.
Конкурсты өткізу кезеңі: 2021жылдың маусым - қазан айлары. Конкурсқа қатысуға кент, ауыл, ауылдық округтарда әкім лауазымында бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне жол беріледі.
Конкурсқа құжаттар 2021 жылдың 25 маусымынан бастап 10 шілдеге (қоса есептегенде) дейін қабылданады. Конкурстың ережесі туралы толық ақпаратты төмендегі сілтемеден алуға болады.
Конкурс құжаттарын n.buldirikov@korda.gov.kz эл. поштасына жолдаңыз. Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша 8/72435/21436 тел. нөміріне хабарласуға болады.
ОБЪЯВЛЕНИЕ
о проведении Республиканского конкурса «Лучший сельский аким»
Объявляется о старте Республиканского конкурса в соответствии с пунктом 63-3 Плана мероприятий дорожной карты по переходу программы «Рухани жаңғыру» на период национальной модернизации на 2021 год утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 февраля 2021 года №50 проводится Республиканский конкурс «Лучший сельский аким».
Период проведения конкурса:июнь - октябрь 2021 года. К участию в конкурсе допускаютсяакимы поселка, села, сельского округа,имеющие стаж государственной службы на должности акима не менее одного года, а также
у которых отсутствуют не снятые административные и дисциплинарные взыскания.
Для участия в конкурсеприем документов осуществляетсяс 25 июняпо
10 июля 2020 года включительно. Подробную информацию о правилах конкурса можно найти по ссылке ниже.
Документы для конкурса можно отправить на эл. почту n.buldirikov@korda.gov.kz. По вопросам организации конкурса обращаться потелефонам  8/72435/21436.
 «Үздік ауыл әкімі»
республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша
әдістемелік нұсқаулық
I. Жалпы ережелер
1. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына  Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді ден қоюға бағытталуы қажеттігін атап өтті.
Ауыл әкімі халықпен тікелей өзара іс-қимылда болады және байланыс орната алу қабілеті мен өзекті мәселелер бойынша уақтылы шешім қабылдайбілуі оның қызметінің негізгі құрауышы болып табылады.
Әкім жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүргізуші  болып табылады және халықта, оның іс-қимылы бойыншатиімді әрекет ететін мемлекеттік басқару жүйесіне көзқарасы қалыптасады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастырудың өзектілігін ескере отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2021 жылға арналған жол картасының 63-3 тармағына сәйкес  «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы (бұдан әрі– Конкурс) өткізіледі.
1) Конкурстың мақсаты -жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу;
  1. Конкурстың міндеттері:
ауыл әкімдерінің, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру;
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибесін кең ауқымда насихаттау.
2. Конкурс екі негізгі кезеңде өткізіледі:
1) I кезең – өңірлік, аудандық және облыстық деңгейде өткізіледі.
Аудандық деңгейде конкурстың жұмыс органы аудан әкімі аппараты болып табылады (аппарат басшысы үйлестіреді).
2) II кезең – республикалық, республикалық деңгейде өткізіледі.
Екінші кезеңніңнәтижесі (қорытындысы) бойынша Конкурстың жеңімпаздары анықталады.
Конкурстыңнәтижелері Республикалық комиссияның шешімімен анықталады.
3. Конкурс қатысушылары туралы ақпарат халықтың дауыс беруі үшін аудан, облыс әкімдіктерінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттерінің (бұдан әрі – Агенттік) ресми әлеуметтік желілерінің парақшаларында орналастырылады.
Конкурсты өңірлік және республикалық деңгейде өткізуге дайындау және ұйымдастыру жұмыстары, сондай-ақ оның қорытындыларын шығару осы әдістемелік ұсынымға (бұдан әрі – Әдістеме), Конкурсты өткізу тәртібі мен іс-шаралар жоспарына, оның жеңімпаздарын марапаттау мен жеңімпазадарды бағалау критерийлеріне және өзге де конкурстық комиссия бекітетін құжаттарға сәйкес іске асырылады.
ІІ. Конкурсты өңірлік деңгейде ұйымдастыру және өткізу
4. Қатысушыларды бағалау үшін Конкурстың бірінші кезеңінде Өңірлік конкурстық комиссия (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) құрылады,оның құрамынҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тиісті аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиісті облыстық әкімдіктің  (бұдан әрі – Әкімдік) келісуі бойынша бекітеді.
Өңірлік комиссия Департаменттіңжанында құрылады және7 адамнанжәне хатшыдан тұрады.
Өңірлік комиссия мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан,қоғам қайраткерлерінен және өзге де тұлғалардан құрылады. Өңірлік комиссияның төрағасы Департаменттің басшысы немесе басшысының орынбасары болып табылады.
Өңірлік комиссияның төрағасы комиссияның қызметіне басшылық жасайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурстық комиссияның шешімдерін қабылдау кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда, конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Өңірлік комиссияның отырысы комиссия құрамы мүшелерініңжартысынан артық бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.
Әрбір үміткер бойынша шешім Өңірлік комиссия мүшелері бағалау парағында(осы Әдістемеге№ 8 қосымшаға сәйкес) қойған баллдарды есептеу және Конкурсқа қатысушының рейтингісінқұрастыру арқылы қабылданады.
Отырыс қорытындысы Өңірлік комиссия төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен (осы Әдістемеге№ 9 қосымшағасәйкес)ресімделеді.
Өңірлік комиссия қызметінің ұйымдастырылып, сүйемелдеуін Департаменттің және Әкімдіктің қызметкерлері жүзеге асырады.
5. Өңірлік комиссия хатшысы комиссияның қызметіне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, атап айтқанда:
1) үміткерлердің құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады;
2) комиссияотырыстарын ұйымдастырады;
3) комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді және Конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаздың материалдарын қалыптастырады;
4) мемлекеттік органдардың ресми сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін Конкурс нәтижелері туралы ақпаратты береді.
ІІІ. Конкурсты республикалық деңгейде ұйымдастыру және өткізу
6. Конкурс жеңімпаздарын анықтау үшін Республикалық конкурстық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) құрылады, оның құрамын Агенттік анықтайды.
Республикалық комиссия 7мүшеден және Агенттіктің қызметкері болып табылатын хатшыдан тұрады.
Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, халықаралық, қоғамдық және ғылыми-білім беру ұйымдарының басшылары (өкілдері)және өзге тұлғалар енгізілуі мүмкін.
Республикалық комиссия қызметініңұйымдастырылыпсүйемелдеуін Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлері жүзеге асырады.
Республикалық комиссияның төрағасы Агенттік төрағасының орынбасары болып табылады.
Республикалық комиссияның төрағасы конкурс комиссиясының қызметіне басшылық жасайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурс  комиссиясының шешімдерін қабылдау кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Конкурстың жеңімпаздары Республикалық комиссияның шешімі бойынша анықталады.
Комиссия шешімі комиссия Төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
7. Республикалық комиссияның хатшысыкомиссия қызметіне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, атап айтқанда:
1) үміткерлердің құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады;
2) конкурстық комиссияның отырыстарын ұйымдастырады;
3) конкурстық комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді және Конкурс қорытындылары бойынша конкурс жеңімпазының материалдарын қалыптастырады;
4) мемлекеттік органдардың ресми сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін конкурс нәтижелері туралы ақпаратты береді.
IV. Конкурстыңқатысушылары
8. Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметте әкім лауазымында бір жылдан кем емес өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқкент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне (бұдан әрі – ауыл әкімі)жол беріледі.
9. Конкурсқа қатысуға үміткерлерді ұсынуды жергілікті атқарушы органдар, жергілікті қоғамдық ұйымдар, әкімдердің өздеріжүзеге асыруы мүмкін.
V. Конкурсты дайындау және өткізу тәртібі
10. Конкурс Агенттіктің, Департаменттің және облыс, аудан әкімдіктерінің интернет-ресурстарында,сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде оны өткізудібастау туралы хабарландыруды орналастырудан басталады.
11. Хабарландыру 2021 жылғы 25 маусымнан кешіктірілмей орналастырылады.
Конкурс туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап ауыл әкімдері (бұдан әрі – үміткер)аудан/қала әкімдігінекелесі құжаттар мен материалдарды жолдайды:
1) осы Әдістемеге №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) қызметтік тізім(кадр қызметімен расталған);
4) үміткердің сауалнамасы(осы Әдістемеге №2 қосымшаға сәйкес);
5) осы Әдістемеге № 7 қосымшаға сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері (тартылған инвестициялар көлемі, құрылған жұмыс орындары, ауыл-шаруашылығы өнімдерінің көлемі, көші-қон деңгейі, қылмыстылық деңгейі және т.б.);
6) үміткер –әкімнің жұмысы туралы, әкім басқаратын кент, ауыл, ауылдық округ туралы бейнеролик (бейнероликтің ұзақтығы 5 минутқа дейін);
7) үміткердіңкентті, ауылды, ауылдық округтіалдағы 3 жылдадамытуға бағытталған (таныстырылым көлемі 7 слайдтан аспайтын) жобалық жұмыс.
12. Конкурсқа қатысу туралы ұсынымдар 2021 жылғы 10 шілдегедейін қабылданады.
2021 жылғы  12 шілдеден бастап 10 жұмыс күні ішінде аудан әкімдігі аппараты кент, ауыл, ауылдық округ әкімдіктерінде мемлекеттік қызмет көрсетудің деңгейін, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін,әкімнің халықпен кері байланыс орнатуы (жеке қабылдаулары, әлеуметтік желілердегі белсенділігі, БАҚ-тағы жарияланымдары, халықпен кездесулері, жиындары т.б.) және үміткерлердің жұмысындағы т.б. қоғамдық маңызы бар мәліметтерді бағалау жолымен Конкурсқа қатысу үшін үміткерлергеішкі іріктеу жүргізеді.
   Ішкі іріктеу барысында аудан/қала әкімі аппаратыосы Әдістеменің 11-тармағына сәйкес ұсынылған материалдардың толықтығынтексереді және сауалнамалық мәліметтерін (осы Әдістемеге № 3 қосымша), жобалық жұмыстарды (осы Әдістемеге № 4 қосымша) және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді (осы Әдістемеге№ 7 қосымша) бағалайды.
Бір ауданнан ең көп балл жинаған 3-тен көп емес ауыл әкімдеріөңірлік деңгейдегі конкурсқа қатысу үшін үміткер ретінде айқындалады.
   13. Конкурстың облыстық кезеңіне қатысу үшін аудан/қала әкімі аппаратыаудан деңгейіндегі іріктеуден өткен үміткердің конкурстық материалдарын 2021 жылғы 31 шілдеден кешіктірмей Өңірлік комиссияға жолдайды.
Конкурсматериалдарына осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген материалдар қоса беріледі. Сондай-ақ, аудан/қала әкімінің қолы қойылған үміткер туралы және оның кент, ауыл, ауылдық округтің дамуы бойынша атқарған қызметі мен жеткен жетістігін көрсете отырып,анықтамалық ақпарат ұсынылады (анықтама А 4 форматында, көлемі 2 беттен көп емес, 14-ші шрифт Times New Roman).
14. Өңірлік комиссия аудан/қала әкімдері аппараттарынанқұжаттар келіп түскен күнненбастап 2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде ұсынылған материалдардың толтырылуының дұрыстығын, осы Әдістемеде белгіленген критерийлерге сәйкестігін, құжаттардың толықтығына тексеруді жүргізеді.
15. Үміткерлер:
1) осы Әдістеменің 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда;
2) осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық емес түрде немесе құжаттарды қабылдауды аяқтаудың белгіленген мерзімі өткеннен соң конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
16. Үміткерлерді Республикалық кезеңгеқатысу үшін анықтау мақсатында Өңірлік комиссия баллдық жүйе бойынша іріктеу рәсімін ұйымдастырады:
1) үміткерлерсауалнамаларын бағалау (осы Әдістемеге № 3 қосымшағасәйкес критерийлерді ескере отырып);
2) жобалық жұмыстарын алдын ала бағалау (осы Әдістемеге № 4 қосымшаға сәйкес);
3)әдеп жөніндегі уәкіл сауалнамасының қорытындысы;
4)жергілікті әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттануын өлшеу үшін елді мекен тұрғындарының арасында сауалнама немесе онлайн дауыс беру (осы Әдістемеге № 5 қосымшаға сәйкес).Әлеуметтік сауалнама немесе онлайн дауыс беру сұрақтары аудан әкімдіктерінен конкурс материалдарын алғаннан кейін облыстық Әкімдіктің ресми сайтында, сонымен қатар әкімдіктің ресми ақпарат порталында (Instagram, Facbook және Telegram)жариялануы тиіс;
5) 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері (осы Әдістемеге № 7 қосымшаға сәйкес).
17. Баллдық жүйе бойынша бағалау рәсімдерінен кейін үміткерлер әңгімелесуден өтеді, сонымен қатар жобалық таныстырылымын көрсетеді.
Әңгімелесу кезінде Өңірлік комиссия үміткерлердің сауалнамалық деректерін, жеке жобалық жұмысындағы ұсыныстарының креативтілігін, мемлекеттік наградалары мен жариялымдарының, ғылыми атағы мен дәрежесінің бар-жоқтығын, спорттық және қоғамдық қызметін, мемлекеттік қызметшінің әдебін сақтау бойынша сауалнаманың, елді мекен тұрғындарының арасында жүргізілген сауалнама мен онлайн дауыс берудің қорытындыларын, әкімнің халықпен кері байланыс орнатуы (жеке қабылдаулары, әлеуметтік желілердегі белсенділігі, БАҚ-тағы жарияланымдары, халықпен кездесулері, жиындары т.б.) назарға алады.
Сонымен бірге, Өңірлік комиссия осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген аудан әкімінің анықтамалық ақпараты және бейнеролик мазмұнын ескереді.
Егер үміткерлер баллдың тең санын жинаған жағдайда, басымдылық күрделі жобаларды іске асыратын, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеретін,халыққа барынша «ашық», оған қатысты азаматтардан дәйекті арыз-шағымдар түспеген немесеең аз түскен әкімдерге беріледі.
Әңгімелесу 2021 жылғы 20 тамызға  дейін өткізіледі.
18. Жеке әңгімелесудің қорытындылары бойынша Өңірлік комиссия 2021 жылғы 30 тамыздан кешіктірмей, әр облыстан бір үміткерден екінші кезеңге өткен үміткерді анықтайды.
19. Конкурстың екінші кезеңіне өткен үміткерлердің жалпы тізімі Департаменттің және Әкімдіктің интернет-ресурстарында жарияланады және Өңірлік комиссия қабылданған шешім туралы үміткерлерді хабардар етеді.
20.  Үміткерлердің конкурстың бірінші кезеңінде ұсынған құжаттары мен материалдары, сондай-ақ Өңірлік комиссияның шешімі 2021 жылғы 10 қыркүйекте сағат 18.30-ға дейін Агенттікке жолданады.
21. Республикалық комиссия үміткерлермен 2021 жылғы 10 қазаннан кешіктірмей әңгімелесу өткізеді, ол ауылдық округті дамыту бойынша дербес жобалық жұмысты қорғауды білдіреді.
Республикалық конкурстық комиссияның алдында дербес жобалық жұмысты қорғау бетпе-бет (келу арқылы) немесе бейнебайланыс арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады. Бұл ретте, баяндамаға 5 минуттан аспайтын уақыт беріледі, осы уақыт ішінде ұсынып отырған жобаның мәні мен мақсатын, сондай-ақ жүзеге асыру кезінде туындауы мүмкін мәселелерді, жүзеге асыру кезеңдерін және күтілетін нәтижесін ашып көрсету қажет(осы Әдістемеге № 6 қосымшаға сәйкес).
22. Әрбір үміткер бойынша шешім Республикалық комиссия мүшелерінің осы Әдістемеге № 8 қосымшаға сәйкес бағалау парақтарына қойған баллдарды есептеу, сондай-ақ іріктеудің бірінші кезеңінің көрсеткіштерін ескере отырып қабылданады.
Республикалық комиссияның шешімі 2021 жылғы 20 қазаннан кешіктірілмей қабылданады.
VІ. Конкурстың қорытындысын шығару
23. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша Республикалық комиссия Конкурстың нәтижесі туралы шешім қабылдап, оның үш жеңімпазын, номинация иегерлерін анықтайды.
24. Жеңімпаздар «Қазақстан Республикасының үздік ауыл әкімі» І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен, «Үздік шаруашыл әкім», «Ашық әкім», «Үздік әлеуметтік жоба» номинацияларымен марапатталады.
25. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау уақыты мен орны туралы ақпараттандыруды Агенттік жүзеге асырады.
26. Конкурстың қорытынды кезеңін өткізуді ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді Агенттік пен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жүзеге асырады.
27. Облыстардың әкімдіктері республикалық конкурс жеңімпаздарының жобаларын іске асыру үшін жергілікті бюджеттен немесе демеушілердің есебінен қаржы бөлу мүмкіндіктерін қарайды.
28. Конкурсты ақпараттық сүйемелдеуді ӘкімдіктерАқпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдау көрсетуімен қамтамасыз етеді. 
№ 1 қосымша
________________________
Қызметшінің лауазымы. А.Ә.Т.
Өтініш
Мені «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Байқаудың шарттарымен таныстым және келісемін.
 Қосымша:
_________________                                                           _____________________
                 (күні)                                                                                  (қолы)      
 №2 қосымша
САУАЛНАМА



Фотоға
арналған орын
 


 


 
Тегі

 
Аты

 
Әкесінің аты

 
Туылған күні
«

»

19

г.

 
Жұмыс орны

 
Лауазымы

 
Телефон

 
E-mail

 
Білімі (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы, біліктілігі)
 

 

 
Ғылыми дәрежесі, атағы

Мемлекеттік қызмет өтілі

 
Байқау жұмысы тақырыбының бағыты бойынша еңбек өтілі

 
Сізде мемлекеттік, ведомстволық наградалар, құрметті атақтар, дипломдар бар ма (атаңыз)
 

 

 
Сіз конкурс жұмысы тақырыбының бағыты бойынша семинарларға, форумдарға, конференцияларға қатыстыңыз ба (атаңыз)
 

 
Сіз конкурс жұмысы тақырыбының бағыты бойынша қосымша білім беру (біліктілігін арттыру, даярлау/қайта даярлау, тағылымдама) алдыңыз ба (оқу орны, бітірген жылы, бағағыты, мамандануы) _____________________________________________________________________
 
Негізгі (маңызды) ғылыми басылымдар, кітаптар, жадынамалар,
 
Мемлекеттік қызмет және (немесе) бағыты бойынша тақырыбына байланысты проблемалық мақалалар, (атаңыз)
 

 
Сіз мемлекеттік қызмет мәселелері және (немесе) конкурс жұмысы тақырыбына байланысты мемлекеттік бағыты бойынша қандай жобаларғақатыстыңыз (атаңыз)
 

 
_____________________________________________________________________
 

 
Сіз мемлекеттік қызмет және (немесе) конкурс жұмысы тақырыбына байланысты мемлекеттік басқару саласында облыста енгізілген қандай ғылыми әзірлемелерге қатыстыңыз
 

 
Облыста конкурс жұмысы тақырыбына байланысты мемлекеттік қызмет және (немесе) бағыты бойынша қандай зерттеу жұмыстары жоспарланған
 

 

 

 
Мемлекеттік және шет тілдерін білу
 

 

 
Тәртіптік жаза қолданылғаны туралы мәлімет

 

 

 

 

 
Толтыру күні
Қолы



 

 
«

»

20

ж.

 

































Осы сауалнамада толтырылған менің деректерімді өңдеуге және сақтауға келісемін.
__________________
                Қолы
№ 3 қосымша
Конкурстың І кезеңіне  қатысушылардың сауалнамасын
бағалау критериі

қ/с
Критерии
Бағасы
(балл)
1
2
3
1.
Мемлекеттік қызмет өтілі:

1 жылдан 10 жылға дейін
1

10 жылдан жоғары
2
2.
Тілдерді білуі (еркін меңгеруі):

мемлекеттік тіл
2

орыс тілі
1

ағылшын және өзге тілдер
1
3.
Наградасы, құрметті атағы:

ведомствалық наградасы
1

мемлекеттік наградасы
2

құрметті атағы
2

халықаралық ұйымдардың наградасы немесе құрметті атағы
2
4.
Кәсіби даму талпынысы:

2 және одан көп жоғары білімі
1

ғылыми дәрежесі
2

ғылыми еңбегі, ашқан жаңалығы
2
зерттеген немесе жүзеге асырған жобалары
3
5.
Мемлекеттік қызмет/басқару саласында кәсіби білімін жоғарылату деңгейі

семинарға, форумға, конференцияға қатысуы
1

тағылымдамадан өтуі
2

біліктілігін арттыру, кәсіби қайта даярлау курстарын оқуы 
2
6.
Іс жүзінде қызметі:

Мемлекеттік органның қызметін немесе өз қызметінің бағытын жақсарту бойынша ұсыныстар
2




                             № 4 қосымша
Конкурстың І кезеңіне қатысушылардың жобалық
жұмыстарын бағалаудың критериі

п/п
Критерии
Жоғары баға (баллмен)
1
2
3
1.
Тұрақты даму бойынша ұсыныстың ойға қонымдылығы, жүзеге асу мүмкіндігі
10
  2.
Идеяның креативтілігі мен ерекшелігі
10
3.
Күтілетін әлуметтік және экономикалық тиімділігі
10
4.
Жергілікті климаттық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени ерекшеліктерді есепке алу
10
5.
Материалдардың мысал негізінде болуы (аргументтің болуы)
10
6.
Әзірленген көрнекі материалдардың сапасы
10
№ 5 қосымша
Ауыл әкімдерін онлайн немесе әлеуметтік саулнама
қорытындысы бойынша  бағалау критерийі

Критерии
Жоғары баға
(баллмен)
1
2
3
1.
Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі және халықпен кері байланыс орнатуы
10
2.
Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету және қолдау көрсету(атаулы әлеуметтік көмек, мүгедектерге, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсету, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру)
10
3.
Халықты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету (қоғамдық жұмыстарды, жастар тәжірибесін ұйымдастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын құру)
10
4.
Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдесу
10
5.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауыл халқына шағын кредит беруге жәрдемдесу
10
6.
Коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету
10
7.
Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу (мектепке дейінгі мекемелермен және медициналық пункттермен, сонымен қатар мәдени ошақтармен, спорт ғимараттармен қамтамасыз ету)
10
8.
Аумақты абаттандырудағы стандартты емес және ерекше шешімдер
10
9.
Халықты сумен жабдықтауды жақсарту бойынша жұмыс және оның жағдайын бақылау
10
10.
Шағын сәулет нысандарының, балалар мен спорттық-ойын алаңдарының және т. б. болуы және жағдайы
10
11.
Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
10
12.
Халыққа арналған демалыс орындарын жабдықтау
10
13.
Интернет ресурспен қамтамасыз ету
10
14.
Елді мекенді абаттандыру, ұстау бойынша халықпен, шаруашылық субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау
10
15.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу бойынша мүдделі құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау
10
16.
Жергілікті қоғамдастықпен өзара іс-қимыл, мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын  сақтау
10
17.
Пандемия кезіндегі жұмыстарды ұйымдастыру
10

Баллдардың жиыны:

№ 6 қосымша
Конкурстың ІІ кезеңіне қатысушылардың жеке жобалық
жұмысынбағалау критериі


Критерии
Жоғары баға (баллмен)
1
2
3
1.
Жобада көрсетілген мәселенің өзектілігі
10
2.
Жобада көрсетілген мәселені шешу жаңалығы мен шығармашылық әдісі, мәселені шешу басымдықтарын орналастыру
10
3.
Үміткердің мәселенің мазмұнын және оның зерттеуі дәрежесін білуі
10
4.
Мемлекеттік органдар үшін тәжірибелік ұсынымы болуы
10
5.
Саланы дамытуды стратегиялық көрсетуі және оның «шағын деңгейді» білуі
10
6.
Іске асырылатын жобада күтілетін экономикалық тиімділік
10
7.
Сұрақтарға нақты жауап беруі
10
8.
Талдау мен мазмұнының шынайлығы
10
9.
Шешендік кәсібилігі (ораторлық деңгейі)
10
10.
Бірінші кезеңдегі бағалаудың нәтижесі
10
№ 7 қосымша
Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің критериі
 (статистикалық деректеріне сәйкес)

п/п
Критерии
(2019 жылмен салыстырғанда)
Өлшем бірлігі

Жоғары баға (баллмен)
1
2
3
4
1.
Мал басы санының өсуі

10
2.
Тартылған инвестиция көлемі

10
3.
Миграция деңгейі

10
4.
Ашылған жұмыс орындары

10
5.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі

10
6.
Қылмыс деңгейі

10
№ 8 қосымша
Жалпы бағалау парағы
(ең жоғарғы бағалау 10 балл)

Үміткердің аты-жөні
Критерии
Лауазымы,
ауылдық округтің атауы
Сауална нәтижесін бағалау
(№3 қосымша)
Жобалық жұмысты бағалау (№ 4 қосымша)
Онлайн сауалнаманың нәтижесі (№5 қосымша
Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді бағалау (№7 қосымша)
Әдеп жөніндегі уәкілдер сауалнамасының нәтижесі
Қорытынды
1








№ 9 қосымша
«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының үміткерлерімен
 әңгімелесу бойынша Өңірлік конкурстық  комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ
__________қ.«»__________2021 ж.
   Қатысқандар:
Өңірлік комиссия төрағасы:
                Комиссия мүшелері:
Комиссия хатшысы:
КҮН ТӘРТІБІ:
Бағалау нәтижесі бойынша жеңімпазды анықтау
_______________________________________________________________
ТЫҢДАЛДЫ:
Өңірлік комиссия хатшысы
Комиссияға ______ өтініш түсті, олардың ішінде ________ толық құжат ұсынды.
Қатысқандар тізімі:
Комиссия төрағасы: 
Талқылау, отырыс қорытындысын шығару.
Әрбір үміткер бойынша шешім сауалнамалық сұрақтардың (білімі, еңбек өтілі және т.б.), жобалық жұмыстың, халықтың онлайн сауалнамасы мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, сонымен қатар әдеп жөніндегі уәкілдердің сауалнамаларының қорытыныдысын ескере отырып жеке әңгімелесу барысында қабылданды.                 
Жалпы бағалау парағы
(ең жоғарғы бағалау 10 бал)

Үміткердің аты-жөні
Критерий
Лауазымы,
ауылдық округтің атауы
Сауална нәтижесін бағалау
(№3 қосымша)
Жобалық жұмысты бағалау (№ 4 қосымша)
Онлайн сауалнаманың нәтижесі (№5 қосымша)
Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді бағалау (№7 қосымша)
Әдеп жөніндегі уәкілдер сауалнамасының нәтижесі
Қорытынды
1








«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын ұйымдастыру мен өткізу бойынша Агенттіктің әдістемелік нұсқаулығын басшылыққа ала отырып, үміткерлердің сөз сөйлеуін тыңдап және баллдарды санап Өңірлік комиссия ШЕШТІ:
1. __________ ауылының әкімі ________________________(аты-жөні) бірінші кезеңнің жеңімпазы деп танылсын.
2. Өңірлік комиссия отырысы туралы ақпаратты Департаменттің, облыс әкімдігінің ресми сайтына комиссияның қорытынды отырысынан кейін бір күндік мерзімде жариялансын.
3. Конкурстың қатысушылары мен жеңімпаздарын бірінші кезеңнің аяқталғаны туралы хабардар етсін.
4. Жеңімпаздың материалдары қосымшаға сәйкес Агенттікке 2021 жылдың _______________ жіберілсін.
Хаттамаға қосымша:
  1. өтініш;
  2. жеке куәлік көшірмесі;
  3. қызметтік тізілім;
  4. анкета;
  5. жобалық жұмыс;
  6. бейнеролик;
  7. № 5 қосымшаға сәйкес онлайн сауалнаманың қорытындысы;
  8. № 7 қосымшаға сәйкес әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер;
  9. № 9 қосымшаға сәйкес жалпы бағалау парағы.

Өңірлік комиссия төрағасы:


Өңірлік комиссия хатшысы:    


______________________________
24 маусым 2021 ж. 635 0