№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 6 маусым: ауа райы болжамы

6 маусым: ауа райы болжамы

Синоптиктер 6 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал, тек республиканың солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, дауыл, шаңды дауыл, солтүстік және шығыста тұман түседі», делінген хабарламада.
Қызылорда облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде екпіні 25 м/с шаңды дауылмен, түнде және таңертең кей жерлерде найзағай ойнайды.
«Қызылорда облысында, Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады», делінген хабарламада.
06 маусым 2021 ж. 762 0