№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Партиялық бақылау – пәрменді іс

Партиялық бақылау – пәрменді іс

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссия отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Жиынға партияның мүшелері, мәслихат депутаттары, сала басшылары қатысты. Жиынды Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұрлат Байгенже тізгіндеп, күн тәртібіндегі екі мәселенің маңызын айтты.
Жаңақорған аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Дәулет Өмірәлиев жоспарға сай жүргізілетін жол құрылысының жайы және сапасын бақылау мәселесі жөніндегі ойын ортаға салды.
Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 8,9 шақырым жолды орташа жөндеуге 160 млн теңге, облыстық бюджеттен 6,9 шақырым жолға 94,7 млн теңге, аудандық бюджеттен 23,7 шақырым жолға 501 млн теңге қаралып отыр. Жалпы кент және ауылдық округтердегі 40 көшеге асфальт төселеді. Оның басым көпшілігі ауылдық округтердің еншісінде. Енді жол сапасын бақылау маңызды. Мәселен, 2020 жылы аудан орталығының күретамыры саналатын Хорасан ата көшесі өз деңгейінде атқарылмады. Биыл осындай жағдай қайталанбауы тиіс. Мәслихат депутаттары мен партия мүшелері осыны баса айтты.
Екіншісі, ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев азық-түліктің шекті бағасына бақылау жұмысы жөнінде сөз етті.
Қазір нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа сай азық-түлік түрлерінің бағасы құбылып тұрғаны рас. Бұл – ақиқат.
Сала басшысы азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлеріне шекті баға белгілегенін айтты.
Оңтүстік ауданда ауылшаруашылығы дақылдарын әртараптандыру арқылы, әсіресе, көкөніс түрлері мен бақша дақылдарын әр ауылдың әлеуетіне қарай бағыттап, өз нарығымызды қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өзіміз өндіру арқылы нарықтың бағасын тұрақты ұстауға аз болса да қол жеткізуге болады.
Партияның аудандық филиалы төрағасы – аудан әкімі Руслан Рүстемов өзінің «Ауыл шаруашылығы: көршімен қатынас және іскерлік байланыс бағыттары қандай?» атты жазбасында жазғанындай, кәсіпкерлер мен шаруашылық төрағалары бизнесті дамытуда креативті жобаларды қолға алып, нарықтық қатынастарды зерттеп, зерделеу арқылы нарыққа аса қажетті өнім түрлерін өндіріп, электронды саудаға иек артып, инновациялық жобаларды қолға алмай іс өнімді болмайды. Айналып, келгенде, бұдан басқа жол – импортқа тәуелділікті арттырып, өз нарығымызды өзіміз бақылай алмай, қауқарсыздық таныта беретін боламыз.
Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері маңызды мәселелер халықтың өмір сүру сапасын арттыруға тікелей әсер ететінін, сондықтан, жауапты сала мамандарын іске жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Белгілі болғандай, Сермұхамед Оразгелдиев бас партияның жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесін басқарады, сондай-ақ, Әсемгүл Тілеубергенова Отбасы, әйелдер және балалардың құқығын қорғау және жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау жөніндегі кеңесін, Жанат Жүсіпова Ұлт денсаулығы және білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңесін, Мейрамбек Қабетенов Экологиялық кеңесін, Мақсат Жұмаділов Аграрлық секторды дамыту жөніндегі кеңесін, Серік Мырзабаев Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңесін, Бақытжан Төлегенов Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аудандық қоғамдық кеңесінің тізгінін ұстап, осы бағыттағы бастамаларды үйлестіруге жауапты екенін белгілі болды.
30 мамыр 2021 ж. 685 0