№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Еркек түздің егесі, әйел үйдің шегесі

Еркек түздің егесі, әйел үйдің шегесі


Жақында замандасым Динара Болаттың әлеуметтік желідегі жазбасы көзіме шалынды. Ол қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – ер азаматтардың табысы жайлы сөз қозғапты. Төменде соны назарыңызға ұсынуды жөн көрдім.


«Бес-алты ай әрнәрсені сылтауратып табыс таппайтын отағасылар бар. Табыс таппайтын адамға «жақсы әйелі» жоқтан бар жасап, дастарханды жайнатып тамақ әзірлеп, туыстарынан ақша сұрап көмектеседі, өзі несиеге кіреді. Қате! Былай қарағанда нағыз жанашыр, ақылды әйелдің тірлігі. Бірақ, бұлай жақсылық жасау ер адамның диванда ұзақ жата беруіне әкеледі. Табысы макаронға жетіп тұр ма, демек күнде макарон!
Отбасы алдындағы жауапкершілігін сезетін, «жұмыс жоқ!» демей шаңырағы үшін жоқтан бар жасайтын ерге әйелі де қолынан келгенше, барынша қолдау көрсеткені абзал. Ер адам тапқан сайын сүйетін тамағын әзірлеп, үйді жайнатып, балаларына синтетика емес мақтадан киім кигізіп, қаражат болса өмір сапасының қалай артатынын көрсетіп, ынталандырған жөн.
Ер адам жан-жақтан қызмет етіп, барынша табыс тауып ұмтылып жүргенде оны төркінге тасып, тек үстіне жапсырып ырым-жырым ететіндер бар. Мұндай үйдеде береке болмайды. Тапқаны көзге көрінбесе табыскер қуаты тез таусылады.
Тағы бір қызық. Кейбір әйелдердің түсінігінде табыскер күйеуді «Ондай күйеу жерде жатпайды» алда, асты-үстіне түс, дегенін істе деп көкке көтеру қағидасы бар. Бұл енді пиғылы теріс, өзіне сенімсіз, өз табысы жоқ әйел адамдардың ойы деп білемін. Біреу жолдан салып алып, қалтасына салып алатындай байғұс болса ондай адамды сақтаудың қажеті не?
Ер адамның табыс табуы, отбасын асырауы, анасына қолдау болу – парыз. Ол үшін оған жағымпазданудың қажеті жоқ. Бірақ, бала-шағасымен сыйлануы керек. Ал әр әйелдің бала күтімінен кейін міндетті түрде өз табысы, жинағы болу керек. Өмір ғой. Қазір басыңыздан алтын құйып отырса да кейін болмай қалуы мүмкін», – деп пәлсапалайды ол.
Жоғарыдағы жазбаға әркімнің алып қосары да, айтар ойы да болуы мүмкін. Бірақ ой өрбіткен замандасымның сөзі мені бей-жай қалдырмады. Қарапайым халықтың салт-дәстүрімізден келе жатқан «Ер түздің иесі, әйел-ошақтың киесі» екенімізді шын ұғынар болсақ, күйеудің табыс тапқаны, әйелдің бала баққаны Тәңірдің жазуы. Алда-жалда жағдай болады деп әйел неге артық қаражат жиып, уайымдауы керек? Үйде әйелін жұмысқа шығарып, бес баласын бағып отырған ер азаматтарды да көріп жүрміз. Бұл бір жағы отбасына деген қолдау шығар, бірақ ошақ қасынан ұзап шықпаған ер азаматтың қадір-қасиеті төмендеп кетпей ме деген ой қылаң береді. Кейбір табыс таппағанымен қоймай, жаман әдетке әуес болып, шаңырақтың берекесін кетіріп жүргендердің қасында бұл да болса өзіңді жұбату сияқты. Сіз қалай ойлайсыз, ойлы оқырман?

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
20 мамыр 2021 ж. 621 0