№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ASHYQ» жобасы іске қосылды

«ASHYQ» жобасы іске қосылды

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №14 Қаулысына сәйкес ү.ж. 26 сәуірінен бастап Қызылорда облысында «ASHYQ» жобасы іске қосылды.
Жоба қатысушысы бола алады:
1) фитнес-клубтар, йога орталықтарын қоса алғанда;
2) спа-орталықтар;
3) сауналар, бассейндер;
4) компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда (16 жасқа дейінгі тұлғаларды қоспағанда);
5) боулинг клубтары.
6) кинотеатрлар;
7) театрлар және филармониялар;
банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фудүлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;
9) ерікті қатысушылар;
10) облысаралық және қалааралық жүйелі месе (туристік) тасымалдар;
11) бильярд клубтары;
12) концерт залдары;
2021 жылдың 5 мамырынан бастап:
1) караоке;
2) жасыл аймақтағы банкет залдары (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр).
«ASHYQ» жобасына қатысушылар үшін артықшылықтар:
- коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде (қызыл аймақ) коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың орташа деңгейі үшін әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары қолданылады (сары аймақ);
- коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі орташа өңірлерде (сары аймақ) коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі төмен әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары (жасыл аймақ) көрсетіледі.
«Ashyq» – қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ті бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.
«Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.
«Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.
«Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.
«Жасыл» түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.
Qr-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Ол субъект атауы, оның орналасқан жері және басқа да сәйкестендіру деректерін көрсетумен электронды идентификаторды білдіреді. 1 нысанға кіреберісте және шыға берісте ең кемі 2 qr-код беріледі. Егер нысанда бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіреберіске жеке qr-код ілінеді.
Бүгінде qr-код қолдану практикасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең қолданыс тапқан. Балама құралдар басқа елдерде де қолданылуда.
Кәсіпкерлер «Ashyq» жобасына қатысу үшін QR кодты қалай алады:
- кәсіпкер infoKazahstan.kz сайтында өтініш беруі керек. Өтініш Кәсіпкерлер палатасына түседі және оның жоба шартына сәйкестігі тексеріледі. infoKazahstan.kz платформасы QR-кодты әзірлеп шығарады.
- әрі қарай код алып қосымшамен жұмыс істеуді үйренеді және 1 апта сынақ режимінде жұмыс істеп көреді.
Кәсіпкер қосымшаны сәтті қолданған жағдайда әкімдік нысанды сайттағы тізімге енгізеді. Сынақ режимінде жұмыс істеудің 1 аптасын қоса алғанда барлық рәсім 9 күннен аспайды.
Ал кинотеатрлар мен қоғамдық тамақтану орындары салалық қауымдастыққа өтініш беруі керек. Егер салалық қауымдастық құрамында болмаса, онда Кәсіпкерлер палатасына хабарласа алады.
Кәсіпкерді «Ashyq» жобасынан не үшін шығарып жіберуі мүмкін:
- мониторингтік топ жобаға қатысуға қойылатын талаптардың бұзылу фактісін анықтап, растаған жағдайда;
- нысан келушілерді 3 күннен астам уақыт тексермеген жағдайда.
МАҢЫЗДЫ! Жұмыс алгоритмін бұзған қатысушы мониторингтік топтың шешімімен жобадан 2 аптаға шығарылады. Қайта бұзышулық тіркелсе, бизнес нысаны жобадан 2 айға шеттетіледі.
«Ashyq» жобасына қатысты сауалдар туындаған жағдайда Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының мамандары кеңес беріп, сүйемелдеу жасауға әзір. Жауапты маман Палатаның сарапшысы Гүлнұр Құрмантаева. Байланыс нөмірлері: 8 /7242/ 40-09-81 (ішкі 4324), ‎+7 771 479 7582. Сондай ақ жергілікті жерде аудандық кәсіпкерлер Палатасына жүгіне аласыздар!
30 сәуір 2021 ж. 720 0