№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жусанның пайдасы

Жусанның пайдасы


Жусан – жер бетіндегі өсімдіктердің ішіндегі ең ащысы. Оның пайдалы жақтары да жетерлік. Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайының құрметіне осылай деп атаған.

Ертеректе Олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған. Римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тәбеті арттырады деп есептеген. Жусан теңіз саяхатшыларын түрлі теңіз ауруларынан сақтайды.
Бір нәрсеге қапаланғанда жусан иіскесеңіз көңіліңіз орнығады. Ұйқысыздыққа ұшырағанда жастығыңыздың астына жусан қойсаңыз, көзіңіз тез ілінеді.
Жусан тұнбасын дайындау үшін бір шай қасық үгітілген жусан жапырағын бір стақан қайнаған ыстық суға салады. Оны жарты сағаттан кейін ішуге болады. Тамақтанбас алдында жарты сағат бұрын бір ас қасықтан күніне үш мезгіл ішеді. Осылайша екі апта пайдаланған соң тоқтату қажет.
Жусан иісі бөлмедегі ауаны тазартып, жүйкені тыныштандырады. Тіпті, моншаға түсерде жусан жапырақтарын пайдалануға болады.
Ауыз шаюға керекті тұнбаны бір ас қасық жусанды бір стақан қайнаған ыссы суға бұқтырып дайындайды.
13 сәуір 2018 ж. 2 283 0