№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ене мен келіннің сыйластығы

Ене мен келіннің сыйластығы


«Жақсы келін құт, жаман келін жұт». Қазақтың әрбір мақалында өмірдің шындығы бар. Келіні жақсының керегесі алтын. Себебі шаңырақтың беріктігі мен ынтымағы, отбасындағы ұл-қыздың ұлағатты тәрбиесі ене мен келіннің бойындағы жақсы да жағымды қасиеттермен астасып жатады. Демек өнегелі ене мен ибалы келін ортасында сыйлы болуымен қатар ағайын-туыс арасындағы алтын көпір іспетті.


Алайда, қоғамда ене мен келіннің түсініспеушілігі басым болып бара жатқандай. Отбасында келін мен ененің бірін-бірі жақсы көріп, құрметтей білуі сол шаңырақтағы сыйластықтың, береке-бірліктің бастауы. Өкінішке орай, кейбір енелер егде тартқан шағында келінін «ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстауға» тырысады. Ал, келіндер өз үйіндегі шолжаңдығын күйеуінің әке-шешесіне де көрсеткісі келіп, төркініне қашып, тектен-текке ұрыс-керіс шығаруға, бөлектеніп шығуға құштар.
Жас келін - ертеңгі әулет анасы болатындықтан, оның жақсы келін ретінде кемелденіп, қалыптасуына ата-енесі, күйеуі, абысын-ажындары жан-жақты жанашырлық танытуға тиісті. Егерде ата-анасы ақылды да сабырлы кісілер болса, жас келіннің алғашқы кездегі тарпаң қылықтарына түсіністікпен қарап, оған дұрыс жол көрсетіп, тәрбиелеп жөнге салып алады. Сонда келіндердің келген қонақты жылы шыраймен қарсы алуы, үлкендерді сыйлауы, ыдыс-аяқты орынсыз сылдырлатпауы, ата-енесі мен күйеуінің туған-туыстарына құрмет көрсетуі тәрізді қазақ келіндеріне тән асыл қасиеттері орнығып, келін - шаңырақтың ырыс-құты бола алады. Жалпы, келіннің ата-енесін, күйеуінің туыстарын, үлкендерді сыйлауы – ата-бабаларымыздан аманат болып келе жатқан ізгі дәстүр. Олай болса, мұны әрбір бойжеткенге, жас келінге айтып, түсіндіру – әке-шешенің, ата-ененің парызы. Ал, келіннің жақсы болуы өзінің туып-өскен отбасымен бірге ұзатылып барған шаңырағының да қандай ізгі құндылықтарға ие екендігіне де, күйеуінің шыққан тегіне де тығыз байланысты. Яғни, келіннің кесір, кесапат немесе көркем мінезді келін атануы – екі жаққа да сын.
Қайынене мен келін тату тәтті өмір сүруі үшін не істеу керек? «Қыз бала жат жұрттық» дейді. Қыз бала тұрмыс құрып бөтен босағаны аттағанда, «барған жерде бағың ашылсын, барған жерде тастай батып, судай сің» деп жатады. Осының бәрі жайдан-жай айтылмайды. Кейбір отбасында қалыптасқан әдет - бөтен отбасынан келген жас келінге ерсі көрінуі мүмкін. Ал жас келіннің де кейбір мінезі, қылықтары, сөздері, жүріс – тұрысы да түсіп отырған үйінің көңілінен шықпауы мүмкін. Бөтен үйге келіп, сол шаңырақтың әдет-дағдысына сіңісіп кету оңай шаруа емес. «Келінің жақсы болсын десең, бірінші өзің келініңе келін бол» деген сөз бар. Бұл сөздің мағынасы түскен келінге үйренісемін дегенше бәрін өзің көрсет деген мағынада айтылған. Кейін үйрене келе өзі- ақ бәрін игеріп алып кетеді. Енесінен үйренгенін ол кейін келініне үйретеді. Бәрін өз дегеніне көндіріп, өз тәртібіне бағындырамын деген келін ол ортаға сіңіспей, шаңырақтың шайқалып тынары ақиқат. Ене мен келін бір-бірімен сыйласып, шаңырақтың шайқалмауын ойлауы қажет. Ене келіннің кемшілігін түзесе ол ененің көрегендігі. Келін де соған сай келіндік міндетін атқара білсе құба-құп. Иә, қызым келіннен, ұлым елінен тәрбие алады дегендей, тұтас ұлт ұрпағының жауапкершілігін ойласақ, жақсы келін болу – міндет.
06 наурыз 2021 ж. 1 915 0