Конституция

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

№48 (8962) 27

27 маусым 2026 ж.

№47 (8961) 23

23 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ОБЛЫСТА ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ 260 ШАРА ӨТКІЗІЛЕДІ

ОБЛЫСТА ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ 260 ШАРА ӨТКІЗІЛЕДІ

Аймақта ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту жөніндегі облыстық кешенді іс-шаралар жоспары әзірленді. Оған Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті насихаттайтын түрлі форматтағы 260 шара енгізілген.

Аталған жоспар «Жасампаздыққа толы жылдар» басты идеясы аясында «Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке үлес», «Қазақстан - спорттық ұлт», «Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті», «Ғылым және технологиялар», «Ұлттық бірлік, бейбітшілік пен тұрақтылық», «Патриотизм», «Елорда күні. Нұр-Сұлтан – табыс пен өркендеудің символы», «Тәуелсіздіктің құқықтық негіздері. Құқық үстемдігі және азаматтық қоғам», «Білім», «Ауылды қайта түлету», «Индустриялық-инновациялық даму. Цифрлық экономика» және «Тәуелсіздік – жүзеге асқан арман. Қазақстан жолы» секілді 12 тақырыптық бағытта жүзеге асырылатын болады.
- Мемлекет басшысы айтқандай Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мерекелеу ісі даңғаза ірі шаралармен емес, керісінше халыққа түсінікті, танымдық-ұлағатты дүниелермен жүзеге асырылатын болады. Кешенді іс-шаралар жоспарына енгізген 12 тақырыпты әр айға бөліп, насихаттайтын боламыз, - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет.
12 ақпан 2021 ж. 862 0