№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жұртқа жарық сыйлаған жандар

Жұртқа жарық сыйлаған жандар


Жарық жылп етіп сөне қалғанда мынау әлемді жап-жарық етіп, нұр шашып тұрған қуаттың қажеттілігін бірден сезіне қаламыз. Электр энергиясыз бір күнді елестету қандай қиын десеңші?! Ісің алға баспай, жұмысыңыз тұралап қалады емес пе? Ал, сол жарық сәулені жаһанға тарату үшін ыстық-суыққа төзіп, өмірін қауіпке тігіп жүрген жандардың еңбегін қаншалықты бағалай аламыз? Біз көптің назарын еңбегі өлшеусіз, еңбекқор энергетиктерге аудармақпыз.


Жарық сөнсе көпшіліктің дегбірі қашып, «неге өшірдіңіздер, қосыңыздар» деп дабыл қағып, жаһанға жар салып жататынымыз шындық. Әрине, электр қуаты қоғамның негізгі қозғаушы күші. Онсыз экономиканың алға озбасы анық. Алайда жарықтың неден сөнгеніне мән беріп, энергетиктерге қолдау берер жандардың қарасы көрінбейді. Керісінше, «жарықты қалайда тез жағыңыздар» деп қоқаңдаймыз ғой, сол!
Осы тұста аз-кем ақпар айтайын. Әлем бойынша пайдаланылатын бір сағаттағы энергияның 0.013 проценті Google компаниясысына тиесілі. «Қалайша?» дейсіз бе? Бүгінде смартфонсыз уақыт өткізуді елестету мүмкін емес. Әсіресе, карантиндік режим кезінде қалта телефонындағы интернетті кәдеге жаратып жүр. Бұл энергия көлемі 200 мың үйді үздіксіз қамтамасыз етіп отыруға жетеді. Демек, бір күнде 4800 үйге жұмсалатын энергия текке кетіп жатыр емес пе? Ал, әлемдік фактілер кітабына сүйенсек, мұнай 2052 жылға дейін, газ 2065 жылға дейін таусылады. Қайтпек керек?
Жұмыс орындағы, не үйдегі жарықты сөндіруді ұмытатын жандар әрбір нығметтің обал-сауабын білсе дейміз. Әлде Гиннестер кітабына енген әлемдегі ең ірі ГРЭС-2 электр станциясы бар деп кеуде қағып, оңды-солды жұмсай береміз бе?
Жә, біздің айтпағымыз, энергияның да, энергетиктердің де қадірін білсін дейміз ғой. Кешегі 21-23 қаңтар айында орын алған жарық өшуінде тұтас ауданды жарықпен қамту үшін Жаңақорған аудандық электр торабының жігіттері бұрқасын желге қарамай қызметін адал атқарды. Аудан бойынша 6 бригадаға жасақталып, техникалық ахау орын алған аймақта жөндеу жұмысын істеді. Түннен таңға созылған операцияда қызмет көрсеткен жерлестер жар құлағы жастыққа тиместен тәуліктеп еңбек етті.
Осындай жанкешті жандарды елге таныстыруды жөн көрдік. Жаңақорған аудандық электр торабының басшысы Шалқар Рақышев қарамағындағы қызметкерлердің барлығы қауіпті жағдайдан қорықпай, міндетін адал атқарып жүргенін айтты. Аязды күнде қайта-қайта жарықтың сөнуі 15 рет тұрғындардан шағым түскен. Осы кезде 6 бригадамен іске кіріскен электрик жасақтары түн ұзығында көз ілместен жарықты қосуға кірісті. Тарқатар болсам, мекеменің бас инженері Нұржан Ахметов, оперативті шұғыл бригада инженері Ғалымжан Оспанов, электр тарату торабының шебері Байжан Айдарбек, Жангелді Жұмабеков, Бағдат Лесбай, Азамат Оразбеков, оперативті шығу бригадасы Ғалым Бәкір, электромантерлер Нұрболат Шамбилов, Ержан Мамбетов, Нұрлан Құтжанов, Жомарт Зареров,релелік қорғау инженері Серік Әлиев, электроэнергиясын есептеу бөлімінің электрмантері Нұрмахан Аширов, инженер Асылжан Амалбеков ерлікке пара-пар еңбек етті.
Сегіз сағатқа дейін созылған жөндеу жұмыстарында белсенділік көрсеткен жандар ақау шыққан 15 пункте болды. Көбі ауыл аймақта орын алды. Тау арасындағы Қосүйеңкі ауылына жетудің өзі қиындық туғызды. Төтенше қызметінің мамандарымен бірлесіп, ауылға жетіп, жөндеу жұмысын жасап аяқтаймын дегенше қараңғылық басқан еді. Қасқырлардың күн суытқанда өз олжасын іздейтіні бар емес пе?! Көлікке қарай беттеп келе жатқанда алдарынан азу тісі ақсиған көзі жанған арлан көзі жана қалады. Қолшамын жаққан жандар кәлимасын айтып, көлікке әзер жетеді. Міне, өмір мен өлім арасында айқасқан жерлестер жүректілігімен ел мүддесі жолында табандылық танытып келеді.
03 ақпан 2021 ж. 837 0