Соңғы жаңалықтар

№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

№44 (8958) 13

13 маусым 2026 ж.

№43 (8957) 9

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді

Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді


Өзбекстан — Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда серіктесі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 21,2%-ға – $4,5 млрд-қа дейін өсті. Тараптар тауар айналымын $10 млрд-қа дейін жеткізуді көздеп отыр.
 
Үкімет басшылары Түркістан қаласында тоқыма бұйымдарын өндіретін  «Turkistan Textile» қазақстандық-өзбек бірлескен кәсіпорнының ашылу рәсіміне қатысты.
 
Тігін фабрикасы «Turkistan» индустриялық аймағында 2 га аумақта орналасқан. Инвестиция көлемі – 700 млн теңге. Өндірістің жобалық қуаты – айына 13 мың тоқыма бұйымдары. Кәсіпорын әйелдер үшін, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
 
А. Мамин А. Ариповты Түркістан қаласының әлеуметтік, спорт, көлік және туристік инфрақұрылымының жаңа нысандарымен – халықаралық әуежай, конгресс-холл, «Ұлы Дала Елі» орталығы, «Түркістан Арена» стадионы, Оқушылар сарайы, «Rixos Turkestan» қонақ үйімен, сондай-ақ «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің және 5 мың орындық мешіттің салыну барысымен таныстырды.
 
Үкімет басшылары Қ. А. Яссауи кесенесіне, «Әзірет-Сұлтан» мәдени-тарихи музейіне барып, Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/256648-qazaqstan-men-ozbekstan-premer-ministrleri-turkistan-qalasynda-kelissoz-otkizdi
© egemen.kz
22 қараша 2020 ж. 540 0