№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «Дәрігерлерге мың алғыс"

«Дәрігерлерге мың алғыс"

Әлемді әбігерге салған пандемия кезінде сертіне адал, қызметіне ұқыпты, тәжірибелі дәрігерлерге деген құрмет артты. Ел басына түскен ауыртпалықтың жүгі иығына түскен жандарға халық болып рухани қолдау білдіру әрбір азаматтың парызы. Міне, осы тұста аудандық кітапхана ұжымы «Дәрігерге мың алғыс» челленджін бастап, рухани демеуді құп көруде.

Оқырманы үзілмей, күндіз-түні  есігі айқара ашылып тұратын мекеме онлайн жұмыс жасуға көшкеніне 4 айдан асты. Осы кезеңде елдің еңсесін тіктеп, жағымды қуат сыйлап, түрлі іс-шараларды онлайн өткізіп жүрген ұжымның ізденісі халыққа белгілі. Карантин талаптарын сақтап, халық ағартушылық бағытын ұстанған кітапханашылар қауымы қауіпті індетпен бетпе-бет келіп, ел саулығы жолында бар уақыты мен біліктілігін арнаған дәрігерлерге деген құрметті заманауи шарамен өрбітуде. «Дәрігерлерге мың алғыс» челленджін бастаған кітапханашы Әсем Сағатқызының өлең жолдары жүрекке жеткен тұрғындар ізін жалғастырып жатты. Елге қызмет етіп, қоғамдық жұмыстарда бой көрсетіп жүрген Ғалия Машрапова, Нысанкүл Шалапова, Жанар Төлешовалардың жолдаған өлеңдері әлеуметтік желіде кеңінен таралып, оқырмандар тарапынан қолдау көруде.
– Дәрігерлер бүгінгінің нағыз батырлары. Оларсыз ғаламды елестету мүмкін емес. Сын сағатта халықпен бірге болып, жеке өмірін ысырып, ержүректілік таныту да екінің бірінің қолынан келер іс емес. Біз шығармашыл жастар осындай ауырпалықты арқалаған абзал жандарға ризашылығымызды ерекше жеткізгіміз келді, – деді кітапхана қызметкері Жанар Төлешова.
Дәрігер дәреметін көрген жандар арамызда көп-ақ. Алмағайып заманда рухани құндылықты ұлықтап, бір-бірімізге мейірім төге білсек, бірге екенімізді сезінсек, бақыттың кілті ауызбіршілік пен ынтымақта екенін ұғынып, әлемді мейір-махаббатқа бөлесек ұтарымыз көп.
Мақпал ПАТЕНОВА
25 тамыз 2020 ж. 2 246 0