№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада: қоғамдық көлікте "Оңай"электронды билет жүйесі қолданысқа енгізілді

Қызылордада: қоғамдық көлікте "Оңай"электронды билет жүйесі қолданысқа енгізілді

Сыр елінде қоғамдық көліктерге электрондық билеттің жүйесі енгізілді. Яғни 89 автобусқа электронды билет жүйесінің терминалы мен валидаторы орнатылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеумбетов мәлімдеді.
«Қазіргі таңда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша шаһарда жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерде электронды түрде жолақысын төлеу бойынша жұмыстар атқарылуда. Яғни 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап қалалық машруттарда сараланған тариф енгізіледі. Қолма-қол төлем-120 теңге, ал электронды төлем – 90 теңгені құрайтын болады»,-деді Мұрат Жолкелдіұлы.

Сала басшысы өз сөзінде «Қызылорда-Ташкент» бағытына халықаралық 1 автобус маршруты, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты ұйымдастырылғанын айтты. Аталған машруттарда әр түрлі сыйымдылықтағы 1303 автобус қызмет көрсетуде. Оның 109-ы облысаралық, 266-ы ауданаралық, 292-сі ауданішілік, 636-сы қала және қаламаңына қатынайтын автобус.
Бұған қоса, облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан, жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен елді мекендерге әлеуметтік мәні бар маршруттар ұйымдастырылды. Оларға облыстық бюджет есебінен субсидия қаралып, жолақысы халыққа қолайлы, төменгі деңгейде.
01 тамыз 2020 ж. 628 0