№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Пневмония мен коронавирус екі бөлек нәрсе

Пневмония мен коронавирус екі бөлек нәрсе

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пневмония мен коронавирус екі бөлек нәрсе. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, профессор Жасан Зекейұлы "Желмая" жобасында айтты.

Пневмония мен коронавирус екі бөлек нәрсе
Пневмония мен коронавирус - екі бөлек нәрсе. Осы жолғы пневмонияның негізгі себебі – адамдар иммунитетінің төмендеп кетуі. Оған қоса, 1-2 ай халық даладағы ауаны жатырқап қалды, үй жағдайына үйреніп алды. Кейбір қалада ауаның дымқылдығы артып кеткен. Бұл - табиғаттың өзгерісі. Өкпе дымқыл ауаны көп қабылдаса, тез суықтайды. Оған ауадағы микроб қосылады, - деді Жасан Зекейұлы. Сыртқа шығады, "қашан сап етіп вирус келе қалады", "мен ауырып қалсам, не болады?" деген үйреймен жүреді. Үрейленген адамдарда улы гормон бөлінеді. Ол гормон көп бөлінсе, иммунитет төмендейді. Үрейлене берсе, обырға шалдығады. Дәстүрлі медицина, ұлттық медицинаның негізгі теориясы дұрыс.

Тән, жан және өкпені емдеу. Мұны толық пайдаланбай жатырмыз. Сол себепті осы ауру көбейіп кетті, - деді ол. Бұл кәдімгі тұмаудың симптомына ұқсас келеді. Тек бұлардың аяқ-қолы мұздап жатқан жоқ. Өкпесі шаншиды. Жаңа пневмонияның ерекшелігі адамдарды тез әкетіп жатыр. Оған медицина мамандары емес, мекемелер емес, халықтың өзі дайын болуы тиіс. Алдын ала қамдану керек, тексеріліп жүру керек. Карантинді қойғанмен де, шаруа бітпейді. Онымен біз жеңе алмаймыз.

2022 жылға дейін вирустың созылатын жағдайы бар. Оны зерттеу үш жылды қажет етеді. Біз оның амалын өзіміз табуымыз керек. Өзімізді қалай қуаттандыра аламыз? Жаз кезінде қымыз, шұбат ішіп, күтіну керек. Қызметтегі адамдар 4 уақыт тамақтану керек. "Семіріп кетем" деп қорықпау керек, оны жаттығумен толықтыру керек, - деді ол. 
Маманның айтуынша, адамдардың үрейі артқан.Зекейұлы айтқандай, пневмонияның түрі тексерген кезде коронавирусқа келмейді. Профессор халыққа күніне 1-2 тал аспирин ішуді айтып жүргенін айтты. 
Бұрындары қыркүйек, қазан айларында ауа райы өзгергенде пневмония басталатын. Қазір ерте басталды. Себебі, күн де ерте салқындап кетті. Екі ай бойы үйде қамалған адамдардың өкпесі баланыкі сияқты әлсіреп қалған. Далаға шыққанда, маскасыз шығады. Қозғалыс аз болған соң, организм де әлсіз болады. Осының салдарынан адамдар арасында пневмония өршіп тұр. Сондай-ақ, жағымсыз химиялық заттар өкпені тітіркендіріп жатыр деген болжам бар. Оны жан-жақты зерттеу керек. Адамдар өздігінен дәріханадан антибиотик алып, ауырмаса да ішіп жатыр. Оның барлығы қате әрекет. Медицина мамандарымен кеңесу керек. Сынама тапсырып тексерілу керек. Дәрі-дәрмекті өз еркінен іше берсе, бүйректі отырғызып алады, - деді ол. Сондықтан бұл бірінші Алланың құзырында. "Сақтансаң, сақтаймын" дейді. Өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарау керек. Көп елдерде болдым, олардың денсаулығына қарым-қатынасы басқа. Ең соңғы ақшасын жұмсауға дейін барады. Денсаулық үшін ештеңеден тайынбайды. Бізде дәрігерлер іздеп жүріп  емдейді. Біздікілер кеш барып жатады. Ауырмау үшін, ауырмаудың жолын іздеу керек, - деді ол.ГМО-сы бар өнімдерді қолданғанша, табиғи, қайнатпа үйдің тамақтарын ішкен абзал. Қазір жеміс-жидек арзан. Иммунитетті арттыру үшін оларды тұтыну керек. Вирусты өлтіретін сода суы, тұз, арақ вирусты өлтіреді деген қате түсінік. Оны тек қолды сүрту үшін ғана пайдалану керек. Халық саналы түрде бұл індеттен өтуге жұмылып, жұмыс істеу керек. Сол кезде ғана барлығымыз бүтін шыға аламыз, - деді ол.


Оның айтуынша, қазір мықты спортшы дегендер де кетіп жатыр.Маманның айтуынша, табиғи, үй жағдайындағы тамақты көп ішу керек. 
Фото: ашық дереккөз
04 шілде 2020 ж. 517 0